Главная > Новости > Терроризм әлеуметтік құбылыс және оларды жеңу жолдары

Терроризм әлеуметтік құбылыс және оларды жеңу жолдары


27-03-2018, 12:25. Разместил: admin
Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен діни экстремизм мен терроризмнің алу бойынша «Терроризм әлеуметтік құбылыс және оларды жеңу жолдары» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігін қорғау Әскери барлауға қарсы басқармасының өкілі капитан Ж.А. Калиев және Астана қ. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Ж. И. Ахановпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты жеке құрамға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын, қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білу өмірдегі басты ұстаным болу керек екенін ұғындыру болып табылады.
Келген қонақтар кездесудің барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Астана қ. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері Ж. И. Аханов мырза ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында аудан аумағындағы мүдделі мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Ал өз кезегінде капитан Ж.А. Калиев мырза Қазақстандағы терроризмнің үдемелі қатері құқық қорғау органдарының ерекше назарын ғана емес, халықтың да қатысуын талап ететіндігін айта келіп соңғы уақытта мемлекеттік органдардың терроризм көріністерімен белсенді күрес жүргізуімен қатар, жалған терроризм сияқты басқа қауіпті құбылыс пайда болатындығына тоқталды.
Құқық қорғау және арнайы органдар үшін қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында мұндай қылмыстарды ашу және терроризм актісі туралы жалған хабар таратқан адамды анықтау қиынға соқпайды. Осындай әрбір жағдай бойынша жалған хабарлама таратқан адамды анықтау бойынша тергеу-жедел шаралардың барлық кешені қабылданады. Қазіргі заманғы техникалық мүмкіндіктер мен жинақталған тәжірибе оны жасауға мүмкіндік береді. Шын мәнінде терроризм актісі туралы жалған хабар таратқан кезде азаматтар көбіне жасөспірімдер осы қылмысты жасағандары үшін жауапкершілікті және оның салдарын түсінбейді. Осыған байланысты, жалған терроризмның зияны мен салдары туралы жеке құрамға жеткізу мақсатында, терроризм актісі туралы жалған хабар таратқан үшін жазаның бұлтартпайтын қағидасына назар аудартамыз және жалған террористтерге қатысты қылмыстық, сондай-ақ материалдық жауапкершілік шаралары қабылданатынын түсіндіріп өтті. Кездесу барысында бейне роликтер көрсетіліп, соңында қонақтар қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды.

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық
мектебінің ИжАНБ офицері капитан М. Смағұл


Вернуться назад