Главная > Новости > «Әскери теңіз күштерінің айбындары»

«Әскери теңіз күштерінің айбындары»


4-04-2018, 11:09. Разместил: admin

2 сәуірде Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне орай «Әскери теңіз күштерінің айбындары» тақырыбында Әскери-теңіз күштерінің өкілі мектептің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Яғни мектеп тәрбиеленушілерін мамандық таңдауға, отансүйгіштікті бойларына сіңіру, Қарулы Күштер қатарындағы қызмет әр қазақстандықтың қасиетті міндеті, аға буындардың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты өнегелі мектебі екендігін насихаттау мақсатында, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы КүштеріӘскери-теңіз күштерінің құрылғанына 25 жыл толу қарсаңында бүгінде бұл сала нендей жетістіктермен мақтана алады? Кемешілер мойнына артылған жүк қандай? Олардың әлеуметтік жағдайына қаншалықты көңіл бөлінген? Міне осындай сұрақтар төңірегінде флагман маманы 3 ші рангті капитан Рамазанов Нұржан Кайроллаевич ой өрбітіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында ұландар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Соңында мектеп басшылығы мектеп ұжымы атынан 3 ші рангті капитан Н. Рамазановты кәсіби мерекесімен құттықтап, сыйлық табыс етті.


Вернуться назад