Главная > Новости > Әскери мамандықты таңдау жауапты іс

Әскери мамандықты таңдау жауапты іс


23-04-2018, 05:00. Разместил: admin
2018 жылдың 18 сәуірінде мектепте «Әскери мамандықты таңдау жауапты іс» атты ұландарға кәсіби бағдар беру мақсатында 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өтті. Әскери адам болу, қалыптасу, Отан алдындағы борышын өтеу генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұландары үшін ар-намысындай асқақ тұратын қасиетті парыз. Ал осы жолда қалт етпей, мүлтіксіз жүру екінің бірінің қолынан келмейді. Осы орайда мектеп бастығының орынбасары – штаб бастығы подполковник Аупбаев Асқар Абдықалиұлының "Сендер жассыңдар, алдарыңда мың түрлі жол бар, ең дұрысын, турасын өздерің таңдаңдар” - деген жалынды сөзі санамда жаңғырады да тұрады.
Кездесуді тәрбие бөлімінің офицері капитан М. Смағұл ұландарға әрбір адамның өмірінде мамандықты таңдау қиын және жауапты қадам екенін, мамандықты дұрыс таңдау – яғни өмірде өз орнын табу екенін айта келіп, келген қонақтарды таныстырып, оларға сөз берді.
68665 әскери бөлімінің әуе десанттық дайындық қызметінің аға офицері майор Казыкенов Ерлан Койшыбекович және осы әскери бөлімнің мина атқыш батареясының басқарма взвод командирі өздерінің сөздерінде әскери мамандықтың маңызы және қажеттілігі, және де әрбір азаматтың өз Отанын қорғау парыз екені туралы айтты. Сонымен бірге өз кезектерінде ұландар да сұрақтар қойып, қайда оқу керек екенін және кәсіби әскер болу үшін, осындай мақсатқа жету үшін қандай мінез ерекшеліктері мен сапасы болу керектігін білді.
Қонақтар жас ұландықтардың келешекке үмітін үделеп, өздерінің өмір жолдарын баяндай отырып ертеңге деген сенімін арттыра түсті. Өзекті сұрақ орынды жауап майданына куә болдық.
«Жас ұлан» республикалық мектебіне оқуға түсу, ұлан атану, осы мектепте оқуын ойдағыдай жалғастыру, келешекте Қазақстан республикасының Қарулы Күштерінің берік тірегіне айналу – бұл парыз ұландарымыз үшін жат ұғым емес, сол жолда құрметті қонақтардың ақыл кеңестері, ой-пікірлері ерекше демеу, ерекше көмек.
Қазақта "көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра” – деген сөз бар емеспе?!
Бүгінгі қонақтарымызда өз қызметтерінде ойдағыдай келе жатқан өз ісінің сайыпқыран саңлақтары екен.
Үлкенге қарап бой түзер, көсемге қарап ой түзер, істер ісін саралаған, шалыс қадам баспаған қазақтың ұрпағы емеспізбе?! Қазақ халқы тарихтан белгілі, найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұлан қайыр жерді билеп төстеген жауынгер халық. Оның бүгінгі дәлелді көрінісі – Қазақ армиясы. Сол ұзақ жолда жас ұландықтар №1 Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтың ізбасарлары қазақтың көк байрағын ешкімге таптатпайды, әрқашан тудың орны биік тұғырда болмақ! Бүгінгі өткізіліп отырған кездесу кеші үшін мектеп ұжымына алғысымыз шексіз!


генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұланы Мұхамет Нұржанат


Вернуться назад