Главная > Новости > Мектепке 2018 жылғы талапкерлерді қабылдау өткізілді

Мектепке 2018 жылғы талапкерлерді қабылдау өткізілді


25-08-2018, 17:43. Разместил: admin

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне биыл жаңа оқу жылына еліміздің барлық облыстарынан талапкерлер қабылданды. Биыл «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде оқуға түсу үшін талап күшейді. Олай дейтініміз пәндер (қазақ тілі, математика, орыс тілі) бойынша тест тапсырып, білім деңгейлері тексерілді. Биыл, 2018 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебіне 222адам қабылданды. Талапкерлер алдымен кәсіби психологиялық, логикалық ойлау бойынша тестілеуден өтті. Содан кейін пән бойынша тест тапсырып, одан өткендерінің денсаулығы тексерілді,соңынан дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырды. Осылардың бәрінен өткен, талапкер мандаттық комиссияның шешімімен оқуға қабылданды. 2018 жылдың 22 тамызында мектеп бастығы әділет полковнигі Тлеухан Калилаұлы Басхожаев мырза комиссияның шешімімен мектепке үміткерді қабылдап, мектептің акт залында олардың ата аналарымен жиналыс өткізді. Жиын барысында мектеп бастығы алдымен ата аналарды, үміткерлерді мектепке қабылдануларымен құттықтап, оларды мектептің тыныс тіршілігімен, күн тәртібімен таныстырды. Сол сияқты аталмыш мектеп ұландарды әскери өмірге ғана емес, олардың толыққанды тұлға болып қалыптасуына, өз бетімен шешім қабылдап үйренуіне де ықпал ететіндігін, мұндағы түрлі үйірмелер мен спорт секциялары баланың жан-жақты дамуына жол ашатындығын айтып өтті.

Сонымен бірге мектеп бастығы генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Елбасының идеясымен ашылғандығын айта отырып, Жоғарғы бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың қамқорлығын үнемі сезінетіндігін, мектеп ұландарының алған білімдерінің көлемі мен сапасы бойынша басқа мектептердің тәрбиеленушілерімен бәсекелесе алатындай, ал дайындық деңгейі бойынша заман талабына сәйкес болу үшін, мектептің материалдық-техникалық қорының жетілдірілуіне үнемі көңіл бөлетіндігін жеткізді.

«Отанды қорғау барлық уақытта азаматтық ерлік болып саналса, «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, аты аңызға айналған батырлардың дәстүрлерін жалғастырушылары деп айтсақ қателеспейміз, олай болса осы Сіздерге артылған сенімді ақтайсыздар деп үміттенемін» деп, - мектеп бастығы сөз соңын түйіндеді.


Вернуться назад