Главная > Новости > Армия ортасына құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу бойынша онкүндік

Армия ортасына құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу бойынша онкүндік


25-08-2018, 17:44. Разместил: admin

Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айыруға тырысады. Халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ел ынтымағынан, бірлігінен айырғысы келетіні белгілі.

Міне осы жағдайлардың алдын алу мақсатында 2018 жылдың 6 -15 тамыз аралығында генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен армия ортасына құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу бойынша онкүндік өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты жеке құрамға діни экстремизм жайлы, экстремистік ұйымдармен күрестегі мемлекеттің саясаты, қазіргі таңдағы теріс діни ағымдар жайында, экстремистік ұйымдар мен әртүрлі діни секталардың адам өміріне тигізер зияны туралы түсіндіру.

Онкүндік барысында дін саласында қабылданған заңдар мен тұжырымдамаларды насихаттау және конфессияаралық келісім саласындағы негізгі мәселелер тақырыптарына сабақтар өткізілді. «Армия ортасына деструктивті идеялардың кіруіне жол жоқ!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, әскери қызметшілермен және қызметкерлердің толеранттылық қасиеттерін анықтау мақсатында диагностикалық сұрау жүргізілді. Сонымен қатар мектепке бөгде адамдар мен құрылымды бұзатын әдебиеттің кіруінің алдын алу мақсатында бақылау-өткізу режимі күшейтілді.

Осы онкүндікте ұйымдастырылған іс шаралардың барлығы мектептің жеке құрамына діни экстремизмнің алдын алу мақсатында септігін тигізеді деген ойдамыз.

 

 


Вернуться назад