Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің эмблемасы

Эмблеманың ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің символы – бес бұрышты жұлдыз және қалықтаған қыран құс бейнеленген. Ортасында – алтын адамның бейнесі бар. Эмблеманың төменгі жағында ашылып тұрған кітап және «Қазақстан» жазуы орналасқан. Эмблеманың айналасы алтындатылған лавр жапырақтарымен көмкерілген.

Бес бұрышты жұлдыз – пентакль, үш мың жылдан аса қолданылып келе жатқан қауіпсіздік пен күзеттің белгісі.

Лавр жапырақтары – Антикалық дәуірден бері – даңқтың, жеңістің және бейбітшіліктің белгісі.

Қыран құс – Қазақстанның Ұлы даласының кең байтақ, шексіздігінің және еркіндіктің белгісі.

Алтын адам – біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіреді.

Ашық тұрған кітап өмір кітабын, білімнің және даналықтың рухын бейнелейді.

Тек ғана терең білім арқылы ұлы Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның лайықты қорғаушысы болуға, кез-келген соғыста жеңімпаз болуға және өмірде көшбасшы болуға болады.

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй
Кезекшілік бөлімі +7(7172)47-40-97
Факс +7(7172)47-40-96
e-mail: jasulan2005@mail.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala