2020 жылғы 7 ақпан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде мемлекеттік тілден әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдар арасында «Сөзмерген» сайыс сағаты өтті. Сайыс сағатының мақсаты қазақ тілінің бай сөздік қорын насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналды. Қатысушылар «Тапқырлар» және «Бірлік» болып екі топқа бөлінді. Үй тапсырмасы ретінде берілген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері оқылды. Жарыс төрт  кезең бойынша өткізілді: «Мықты болсаң тауып көр» - тұрақты сөз тіркесін тауып, мағынасын ашу, «Жүйрік болсаң озып көр» -  мақалдың жалғасын кім тез табады? «Білгенге маржан» - көнерген сөздер қандай мағына береді? «Жезтаңдай» - жаңылтпашты жаңылмай жатқа айту. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен атсалысып, әдемі ойын көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен және сыйлықтармен мапаратталды.

Бұл іс-шара аты аңызға айналған қазақтың дара ақыны Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй
Кезекшілік бөлімі +7(7172)47-40-97
Факс +7(7172)47-40-96
e-mail: jasulan2005@mail.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala