2020 жылдың 18 ақпан күні ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне арналған «Олар әскери борышын өтеді...» атты көрмесі өтеді.

 Іс-шараның мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерінің қайталанбас ерлігін кеңінен насихаттау, рухына тағзым ету, жас ұрпақ жүрегінде отаншыл рухты ояту, отансүйгіштікке баулу, азаматтық сезімдерін қалыптастыру, музейге келуші шетел азаматтарына және қала қонақтары мен тұрғындарына мұражай тынысымен танысуға зор мүмкіндік жасау. 

Көрме барысында Ауған соғысында үш жыл бойы қызмет істеп, талай жаралы жауынгерлерге дәрігерлік көмек жасап, олардың өміріне араша түсе білген ержүрек медбике Ережепова Рауза Пермеевнаның жеке заттарын, фотосуреттерін, медальдарын, куәліктерін, грамоталарын, ауған кителін және тағы да басқа заттарын ұрпақтары ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің қорына салтанатты түрде тапсырады.

Сондай-ақ Р.П. Ережепова туралы арнайы ақпараттық бейнежазба, Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне жазылған жазушы Әлия Ахетованың «Сол бір атақсыз соғыста» кітабы және журналдар ұсынылатын болады.

Қатысушылар: Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Б.Е. Ертаев,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ардагерлері қауымдастығының төрағасы, ауған соғысы ардагері, ақын  Б. Смағұл, сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, сдуденттер мен оқушылар. 

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй
Кезекшілік бөлімі +7(7172)47-40-97
Факс +7(7172)47-40-96
e-mail: jasulan2005@mail.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala