COVID-19 коронавирустық инфекциясын таратудың және жұқтырудың алдын алу мақсатында 2020 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қашықтықтан, алыс режимде жүзеге асырылады.

Мектепке ҚАБЫЛДАУ және конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы балалардың қатысуынсыз, олардың математика, оқыту тілі және дене шынықтыру дайындығы бойынша негізгі орта білімді бітіргені туралы куәліктегі бағалары негізінде, және 086/У нысанындағы медициналық анықтамасы негізінде өткізіледі.

«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ»

«Жас ұлан» РМ түсетіндерге оның жеке психологиялық ерекшеліктері жазылған мектеп психологынан алынған психологиялық мінездеме міндетті түрде болуы тиіс.

«Бонустық ұпайлар кімге қосылады?»

  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарына;
  2. Спорттық жетістіктері бар балаларға;
  3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  4. Алғашқы әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарынан келген балаларға;
  5. Әскери қызметшілердің балаларына.

 

Қабылдау қағидасы

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй
Кезекшілік бөлімі +7(7172)47-40-97
Факс +7(7172)47-40-96
e-mail: jasulan2005@mail.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala