Далалық жиын оқу жылына арналған мектеп жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, 10-сынып тәрбиеленушілерімен алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында өткізілді, жиынның басты тапсырмасы тәжірибелік жаттығуларды өңдеу, сонымен қатар дағды мен машықты, алған білімді тәжірбиеде шыңдау болып табылады.

25 мамыр - бұл барлық мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн, толғаныс пен тебіреніске толы күн... Жүректері лүпілдей соғып, қимастықпен қатар қуаныш пен асқақ армандарға жетелейтін күн...

2019 жылдың 26 сәуірінде ҚР ҚК Әкімшілік департаментінің ұйымдастыруымен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың акт залында 21-30 жас аралығындағы үш тілді еркін меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) ҚР ҚМ, БШ мен ҚК құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы арасында «Тіл шебері – 2019» конкурсы өтті. Конкурс жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге, тіл мәдениетін жетілдіруге және әліпбиді латын графикасына көшіруді насихаттауға бағытталды.

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Тұңғыш» экскурсиялық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының өкілдерімен ұйымдастырылған көшпелі экскурсияның онкүндігі өтті.

2019 жылдың 10-14 сәуір аралығында Алматы қаласында «INFOMATRIX–ASIA 2019» компьютерлік жобалардың халықаралық байқауы өтті, оған әлемнің 9 елінен 400 оқушы қатысты. Байқауды жыл сайын Сүлеймен Демирел университеті мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізеді. Жас зерттеушілер 7 номинация бойынша сайысқа түсті, олар: математикалық жобалар, робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйесі, қысқа метражды фильмдер, дрондар жарысы.

Өткен аптада генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ҚР Тұңғыш Президенті — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлт Көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды.

Бүгін генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында 11 сынып оқушылары арасында VI Республикалық «САРДАР» кешенді олимпиадасының соңғы қорытынды кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

2019 жылғы 16 сәуірде генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде «Оқытудың жаңа тәсілдері: жолдары, тәжірибесі, болашағы» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамы мектеп бастығының орынбасары- тәрбие және идеологиялық бөлімінің бастығы подполковник А.Қ. Жарбосынов пен рота командирі майор С.К. Куанышевты құрметті демалысқа шығарып салды.

Дәстүрге сай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жаңа жылдық шырша өткізілді. Жаңа жылдық шыршаға Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» мектептерінен 35 тәрбиеленуші қатысты. Жаңа жыл мерекесімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің атынан құттықтауға арнайы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхтаров Талғат Сәбитұлы келіп, тәрбиеленушілерге зор денсаулық, оқуда озат болуларына,алдағы уақытта жоғарғы әскери оқу орындарында білім алып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініңофицері қатарын толықтыруларына тілектестік білдіріп, тәрбиеленушілерге сыйлық табыс етті. Ал өз кезегінде ұлан Тезекбай Ернар, тәрбиеленушілер атынан ұйымдастырылған мерекеге, жасап жатқан қамқорлықтарына рахметін айтып, болашақта елімізге аянбай қызмет етеміз деп сенім білдірді.

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй
Кезекшілік бөлімі +7(7172)47-40-97
Факс +7(7172)47-40-96
e-mail: jasulan2005@mail.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala