2018 жылдың 20 желтоқсан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде мектептің әскериқызметшілері және қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш өткізілді. Кеш жаңа 2019 жылға сай безендірілген, түрлі –түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орнатылған залда өтті.

14 желтоқсан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабекпен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты жеке құрамның бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласын талқылау, мектеп тәрбиеленушілеріне Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін ұғындыру. Жеке құрамның ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

2018 жылдың 08 желтоқсан күні Астана қаласының № 83 мектеп-гимназиясында "Адам құқығы әлемнің барлық жерінде қорғалуда ма?” атты қалалық дебат турнирі өтті. Дебат турнир «Парасат» пікірталас орталығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылған. Астана қаласының 16 мектебінен 20-дан астам командалар турнирге қатысты. Бұл пікірталастың мақсаты - адам құқықтарын құрметтеу және қорғау жөнінде әлемдегі жағдайды анықтау және де Астанадағы мектептер арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды қалыптастыру.

2018-2019 оқу жылының 26 қарашасы мен 6 желтоқсан аралығында мектебімізде Тілдер әдістемелік бірлестігінің (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) онкүндігі өтті. «Жаһандану дәуірінде көп тіл білу – болашаққа бастар жол» деген тақырыпта өтіп жатқан бұл іс - шараға аталған пән мұғалімдері белсене қатысты. Онкүндікте өз тіліңді құрметтеп, өзге тілді де жақсы меңгеру қазіргі заман талабы екендігі де үнемі ескеріліп отырды.

Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен қараша айының 21 мен 30 аралығында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары бойыншаонкүндік өткізілді.

Мектептің жеке құрамымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлымен кездесу өтті.

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінде «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай жеке құраммен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыныптасы Сәдуақас Есімбаймен кездесу өтті.

2018 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Бұл оқу жылы жауынгерлік сайыстың «Рухани жаңғыру – жауынгерлік рух тірегі» атты ұранымен өтті.

Осы аптада генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілеріне және ұстаздар ұжымына латын алфавиті негізінде жасалған қазақ әліпбиін таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгін "Жас ұлан" республикалық мектебіне ерекше генерал Омаров Алидар келді. "Кішкентай генерал" болашақта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері армия генералы болуды армандаған біздің тәрбиеленушілеріміздің жүрегін жаулап алды. Алидар кішкентайынан әскери мамандыққа қызығушылық танытып, кез келген қарудың сипаттамасын нақты айтып, Қазақстан Республикасы Ішкі және Қарулы Күштерінің барлық генералдарын біледі.

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй
Кезекшілік бөлімі +7(7172)47-40-97
Факс +7(7172)47-40-96
e-mail: jasulan2005@mail.ru

Әзірлеу және алып жүру: студия Gala