Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
Информация к новости
  • Просмотров: 3024
  • Автор: admin
  • Дата: 10-11-2014, 12:07
10-11-2014, 12:07

2014 жылғы 4 қарашада біздің мектеп өзінің 15-жылдық мерейтойын атап өтті

Категория: Новости

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны.   
Он бес жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етеді. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1563
  • Автор: admin
  • Дата: 13-10-2014, 03:59
13-10-2014, 03:59

"Кадеттік бауырластық" халықаралық ұйым делегациясының келуі

Категория: Новости

2014 жылғы 2-5 қазан аралығында Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мемлекеттер-қатысушылар жастардың әскери-патриоттық  тәрбие әдістері мен түрлерін дамыту бойынша іс-шаралар аясында «Кадеттік бауырластық» Халықаралық ұйым қатысушыларының кездесуі өтті.    

Ұйым қызметінің басты мақсаттары  жаһандық кадет бірлестігін қалыптастыру, біріңғай кадеттік ақпарат кеңістігін ұйымдастыру,  суворов, нахимов, кадет училищилерінің бітірушілері арасындағы байланысты нығайту, кадет бірлестігінің мұрасын сақтау, кадет-ардагерлерді жан-жақты қолдау болып табылады.  

Осы кездесуде Қазақстанды өткен жылдардың суворов-бітірушілері таныстырды: «Кадеттік бауырластық» халықаралық ұйымының Қазақстандық өкілінің жетекшісі, АО НККИ кеңесшісі, запастағы генерал-майор Г.В.Носоновский,  Р.К.полковник Абилдаев, полковник Т.К.Абишев, полковник А.Л.Скорняков, полковник Е.Е.Таласбаев, полковник М.А.Когабаев, полковник И.А.Федоренко, подполковник Н.Ж.Карбенов, подполковник К.Г.Камысбаев, А.Б. Кикимов, А.А.Федоренко.

Информация к новости
  • Просмотров: 1887
  • Автор: admin
  • Дата: 2-10-2014, 11:47
2-10-2014, 11:47

2014 жылдың 1 қазанында мектебімізде Мұғалімдер күні аталып өтті.

Категория: Новости

Мерекенің бүкіл дайындалуы мен ойдағыдай өткізілуін жоғарғы сыныптың ұландары ұйымдастырды.
Ертемен мұғалімдерді түрлі-түсті шарлармен, ленталармен, құттықтау суреттерімен безендірілген дәліздер мен оқу бөлмелері күтіп алды. Әр мұғалім мектепке «жанды коридор» арқылы, барабанның салтанатты дауысымен кірді.
Бұл күні сабақта мұғалімдерді сабаққа жақсы дайындалған жоғарғы сыныптың оқушылары алмастырды. «Мұғалімдердің» өзіне үйреншікті емес рольде қобалжығанымен, ұландар белсенділік танытып, сыныптардағы тәртіп өте жақсы болды.
Сабақтан соң мұғалімдерге арнап көңілді спорттық эстафета өткізіліп, дәстүрлі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұстаздар тәрбиеленушілерден өздерінің мекенжайына көптеген жылы сөздер естіді.
Мектеп тарихында алғаш рет Өзін-өзі басқару күні көңілді және мақтауға тұрарлықтай өткізілді.

Информация к новости
  • Просмотров: 2045
  • Автор: admin
  • Дата: 15-09-2014, 12:05
15-09-2014, 12:05

Астанада Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған патриоттық шара өтіп жатыр.

Категория: Новости

Қан майданда шайқасқан 28 қаһарман-панфиловшылардың ерлігін құрметтеу үшін патриоттық шара – Қазақстан, Ресей және Қырғызстан қалаларын жүріп өтетін автожарыс ұйымдастырылуда. Аталған шара интернационал-жауынгерлердің бастамасымен, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде өтіп жатыр.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық ардагерлер ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.М.Әбдіров, Бас штаб бастығының орынбасары, ҚР Қарулы күштер Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы полковник М.К.Таласов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі М.Н.Бочарников және басқалар қатысып отыр.
Аталған автожарысқа «Жас ұлан» Республикалық мектебінің атынан оқу взводының тәрбиеші-офицері лейтенант Ж.С.Басаров және 3 оқу ротасының ұланы М.Рысбаев қатысуда. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1585
  • Автор: admin
  • Дата: 15-09-2014, 05:07
15-09-2014, 05:07

Танкистер күні

Категория: Новости

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде  жыл сайын танкистер  мен танк жасаушылардың - Танкистер күні мерекесі аталып өтеді.  Осы мерекеге байланысты қыркүйектің 8 күні Республикалық Жас ұлан мектебінің   мәжіліс залында мектеп бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник -  Ғ.А.Тулеушевтың қатысуымен мектеп ішілік сынып сағаты өткізілді. Бұл жиынға  мектептің ұжымы мен  барлық ұландары қатысты.  Сынып сағаты  Ұлы Отан соғысы кезінде, отан үшін от кешкен  танк әскерлері мен күн сайын заман талабына  сай техниканы жаңартып отыратын  танк жасаушылардың құрметіне арналды.
Іс –шараның мақсаты, танк әскерлері  мен кәсіби мереке туралы   ақпарат беру арқылы келешек жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру .
Іс-шара барысында  5 – ші оқу ротасының ұланы - Р.Қуанов танк туралы  және оның жалпы шығу тарихына тоқталып, көпшіліктің  назарына алынды. Сынып сағаты Джуашев Дамир және Рыспаев Мәдидің орындауында - «Три танкиста» әнімен аяқталды.

Информация к новости
  • Просмотров: 2479
  • Автор: admin
  • Дата: 9-09-2014, 05:10
9-09-2014, 05:10

Әлемдік олимпиадалық күні

Категория: Новости

2014 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Халықаралық олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен Әлемдік олимпиада күніне арналған жүгіру жарыстары өткізілді. Жарысқа Астана қаласының білім беру мекемелері қатысты. Біздің мектебіміздің намысын 2, 3, 4, 5 оқу роталарының ұландары қорғады. Жарыс жеңімпаздары Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың қолы қойылған сертификатпен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталды. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1997
  • Автор: admin
  • Дата: 9-09-2014, 04:58
9-09-2014, 04:58

Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанаты

Категория: Новости

2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Жаңа оқу жылын жазғы демалыстан қанаттанып келген ұландар, ұстаздар, әскери қызметшілер, ата-аналар мектептің саптық алаңында қарсы алды. Мектепке жаңадан қабылданған 7 сынып ұландарының қобалжуы елдің назарын аударды.

Іс-шараның салтанатты бөлігі генерал С. Қ. Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл рәсім мектеп ұжымының аты аңызға айналған ұлы тұлғаға көрсетілген құрмет белгісі.


Информация к новости
  • Просмотров: 2125
  • Автор: admin
  • Дата: 27-06-2014, 16:54
27-06-2014, 16:54

2014 ж жазғы-далалық жиыны

Категория: Новости

2014  жылғы 10 мамырдан  21 маусыға дейін, оқу жоспарына байланысты 10 сынып ұландарына Щучинск қаласындағы ҚР ҚМ Ш. Уалиханов атындағы Кадеттер корпусында жазғы-далалық жиын өткізілді. Жиын барысында ұландар теориялық сабақ барысындағы тактикалық, атыс, инженерлік дайындық, әскери топография, жаппай зақымдау қаруынан қорғану, әскери-медициналық дайындық бойынша алғашқы көмек көрсету  бойынша алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті және қазіргі заманғы армияда әр бір жауынгердің білуі тиіс көптеген жаттығуларды үйренді. Сонымен қатар ұландар палатка қалашығында далада тұрып, далалық асхана дәмін татты. Жиын жауынгерлік дайындық және АК-74 автоматынан атыс жаттығуын орындау нормативтерін тапсыру арқылы қорытындыланды.

Болашақ Отан қорғаушылар, нағыз патриоттарда бұндай жағдайларда  жігерлілік қасиеттері пайда болады. Ұландардан келгенде күнге күйігендері таза ауада дем алып және кішкене  есейгендіктері байқалды.

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2010
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 11:03
13-06-2014, 11:03

5 маусым Мектеп түлектерінің шығарып салу рәсімі өткізілді

Категория: Новости

Жыл сайын дәстүр бойынша 11 сынып бітірушілерге арналған  әрбір адамның өміріндегі ең ұмытылмас және салтанатты сәт  мектеп бітіру рәсімі  өткізіледі. 11 сынып түлектеріне салтанатты түрде әскери қызметшілердің, шақырылған қонақтардың, бұрынғы мектеп бітірген  түлектердің, ұстаздардың қатысуымен жалпы орта білім  туралы аттестат тапсырылды. Түлектерге аттестатты   Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушысы табыстады. Аттестат тапсырылып болған соң  Мектеп Туымен қоштасу рәсімі  және салтанатты марш өткізілді.

Информация к новости
  • Просмотров: 3911
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:56
13-06-2014, 10:56

30 мамыр С.Қ. Нұрмағамбетовке арналған мүсінін салтанатты ашылуы

Категория: Новости

30 мамыр «Жас ұлан» республикалық мектебінің алаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, Астана қ. Әкімдік басшылығы және ҰОС Ардагерлерінің қатысуымен, Совет одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты митингте Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі С.Н. Ахметов С.Қ. Нұрмағамбетовтің Тәуелсіздік мемлекетінің Қарулы Күштерінің құруына үлкен үлес қосқаны туралы айтылған болатын. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы  Ертаев Бахытжан Ертайұлы Сағадат Қожахметұлының әскери міндетін мінсіз орындағаны жас ұрпаққа үлгі болуын ұсынды. Ұлы Отан соғысының ардагері Қадан ата соғыс уақытында қазақ жігіттері нағыз ерлік жасағанын еске алып мәнгі есте сақтауымызды талап етті. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты Бахытбек Смагұл Сағадат атамызға өлен жолдарын арнады. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың немересі мүсінді жасауға атсалысқан қауымға өз алғысын білдірді. Мүсін ашылу рәсімінен кейін мектеп бастығының МУА подполковник Ғ.Тулеушев Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі С.Н. Ахметовті Республикалық «Жас ұлан» мектебінің аралап оқу корпустарымен және ұландардың күн тәртібін  таныстырды.

Информация к новости
  • Просмотров: 2792
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:49
13-06-2014, 10:49

25 мамыр «Соңғы қонырау» рәсімін өткізу

Категория: Новости

2014 жылғы 25 мамырда біздің мектепте Соңғы қоңырау  мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күні мектеп партасымен  67 ұлан қоштасты. Ұландарды шығарып салуға арналған жиынға қонақтар келді.  Мектеп бастығы түлектерді және ұландарын мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін мақтау қағазы және сыйлықтармен марапаттады. Ең  маңызды сәт соңғы қоңырау да соғылып, барлығы түлектерге сәт сапар! -деп тілек айтты.

Информация к новости
  • Просмотров: 1978
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:35
13-06-2014, 10:35

24 мамыр генерал С.Қ.Нұрмағамбетовтың туған жері Ақмола облысы Ақкөл қ. өткізілген іс-шараларға ұландар қатысты

Категория: Новости

24 мамырда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туған жері Ақкөл қаласында аты аңызға айналған  генералдың 90-жылдығына арналған  мерекелік іс-шара өттті. Қаланың орталық алаңында өткен іс-шараға: ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов, «ҚР ҚК Ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары Марат Нұғыманов, ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев, Ақмола гарнизонының Бас әскери прокуроры әділет подполковнигі Данияр Бекдайырұлы Джумадилов, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлер ұйымдары, Ұлы Отан соғысы және Тыл ардагерлері қатысты. Біздің мектептің ұландары атаулы іс-шараға қатысып, өздерінің концерттік қойылымдарын көрсетсе, барабаншылар ротасы дефеле көрсетті. 

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер