2013 жылғы 11-17 тамыз аралығында мектеп ұландары ең алғаш ТМД 5 мемлекет (Ресей, Қазақстан, Белорусия, Украина, Армения) арасында Ресей одағының Анапа қаласында өткен «Отанға-қызмет, Достық-шексіз» суворов-нахимов активінің әскери-жастар форумына қатысты. Кездесуді «Кадет бауырластығы» жетекшілері г-н С.А.Есин, А.Н.Шишков және «Вита» шипажай басшылығы ұйымдастырды. Ұландар келесі іс-шараларға қатысты: «Отанға-қызмет, Достық-шексіз» жобасының туын көтерумен форумның ашылуы, Суворов ескерткішінің ашылуы, Новороссийск қаласының ӘТФ базасына экскурсиялық шығу болды, РФ ӘТФ Қара теңіз флоты жеке құрамының өмірімен, әскери дәстүрлерімен және оқуымен танысу, Ресей флотының «Михаил Суворов» әскери крейсеріне бару, Анапа қ. «Кадет бауырластығы» Халықаралық қауымдастығы басқармасының көшпелі отырысы өткізілді, «Үлкен Суворов алауы» өткізілді – ашық әңгімелесу, қатысушылардың өзіндік өнерлері, СӘУ 70 жылдығына орай салют, форумның салтанатты жабылуы. Форум туының түсіруі, қатысушылардың аттануы.