Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
Информация к новости
  • Просмотров: 903
  • Автор: admin
  • Дата: 25-12-2014, 11:48
25-12-2014, 11:48

Новогодняя ёлка 2015 с участием Министра Обороны Республики Казахстан

Категория: Новости

25 желтоқсан. Жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге сай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мектеп ұландарына арнап, «Жаңа жылдық» кеш ұйымдастырды. Көңілді кешке Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхтаров Талғат мырза және Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысып, ұландарға келе жатқан жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, мектебіміздің беделін асқақтатып, биіктерден көрінулеріне тілек білдірді. Сонымен қатар ұландарға Қорғаныс министрінің атынан сыйлықтар табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Информация к новости
  • Просмотров: 883
  • Автор: admin
  • Дата: 23-12-2014, 14:25
23-12-2014, 14:25

Новогодняя ёлка 2015

Категория: Новости

23 желтоқсан. Бүгінде еліміздің армиясының даму деңгейіне көп көңіл бөлініп, соңғы үлгімен жабдықталған әскери мүліктермен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары да басшылықтың назарынан тыс қалған емес. Мектеп басшылығы да әскери қызметшілердің жеке басын ғана емес, отбасының тұрмыс тіршілігіне де көңіл бөліп, қамқорлық жасап отырады. Бүгін Думан ойын сауық орталығында ұйымдастырылып отырған әскери қызметшілер мен қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша да осының бір айғағы. Әр-түрлі кейіпкерлердің киім үлгісін киіп, көздерінен қуаныш лебі байқалған балалар өздерінің бейбіт елде, әсем де жас қалада өмір сүретіндіктен бақытты екендіктеріне тағы да көз жеткізді.
Информация к новости
  • Просмотров: 1900
  • Автор: admin
  • Дата: 19-12-2014, 07:24
19-12-2014, 07:24

Тәуелсіздік күніне арналған концерт

Категория: Новости

15-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерт болды. Концерт Тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихын ашудан, яғни 3-оқу ротасының ұландары сонау 1996 жылғы аязды желтоқсан күндерінің қайғылы оқиғалары туралы көрініс көрсетуден басталды.

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2462
  • Автор: admin
  • Дата: 19-12-2014, 06:42
19-12-2014, 06:42

Орыс тілі мен орыс әдебиеті апталығын өткізу талдамасы  08.12.14-13.12.14

Категория: Новости

Апталық тақырыбы: Тіл. Мәдениет. Адамгершілік.
Пән апталығының міндеттері:
- білім беру үдерісіне қазіргі педагогикалық технологияларды ендіру;
- оқушыларды жеке шығармашылық қызметке баулу, олардың орыс тілі мен орыс әдебиетіне қызығушылықтарын ояту;
- орыс тілі мен орыс әдебиетін терең оқуға талпыну.
Апталықтың ашылуы оқушылардың шығармашылық жұмыстар, көркем туындылардың суреттер көрмесінен  басталды. Жарысқа 7-11 сынып оқушылары қатысты. Солардың ішінде ең қызық болған жұмыстар:

 

Информация к новости
  • Просмотров: 1098
  • Автор: admin
  • Дата: 18-12-2014, 11:04
18-12-2014, 11:04

18 желтоқсан. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Категория: Новости

18 желтоқсан. «Есіл» ауданындық әкімдігімен бірлесе Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау бойынша Республикалық ақпараттық топ мүшелерімен яғни Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Баймолдина Зауреш Хамитқызы және театр және кино әртісі Әлімжанов Нұрлан Баянғалиұлы мектептің жоғарғы сынып ұландары және әскери қызметшілері, ұстаздарымен кездесу өткізілді.

Информация к новости
  • Просмотров: 3119
  • Автор: admin
  • Дата: 11-12-2014, 12:03
11-12-2014, 12:03

Тарих, технология, дене шынықтыру пәндерінің апталығы

Категория: Новости

«Жас ұлан» әскери республикалық мектебінде 2014 жылғы 24-28 қараша аралығында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған тарих, технология, дене шынықтыру пәндерінің апталығы өтті.                                                                  
Тақырыбы: «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет!»
Мақсаты: Ұландардың  тарих, технологияны оқып білуге, дене шынықтырумен айналысуға қызығушылықтарын көтеруге жағдай жасау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын  насихаттау, еліміздің ерлік тарихын, абыройын, патриотизмді құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу.                                                               

Информация к новости
  • Просмотров: 1971
  • Автор: admin
  • Дата: 11-12-2014, 11:48
11-12-2014, 11:48

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫ

Категория: Новости

Мектебімізде 2014 жылдың 10-15 қараша аралығында«Жер біздің-ортақ үйіміз» тақырыбымен жаратылыстану  пәндері  апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Ұландардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту, табиғатқа қамқор болуға, экологиялық мәдениетке  тәрбиелеу. Апталық барысында «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбында  ұландардың шығармашылық жұмыстары көрмесі,  «Ойлан, тап»  тақырыбында ребустар мен  сөзөрімдер шешу тақтасы ұйымдастырылды.  Көрме жұмысына 1 рота ұландары жақсы  белсенділікпен  қатысты. Аталған  рота ұландары көрме жұмысына макеттер дайындаумен қатар, өлеңдер шығарды, ребустарды шешуге ат салысты.  Апталық қорытындысы бойынша төмендегі ұландар марапаттауларға ие болды:

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2887
  • Автор: admin
  • Дата: 10-11-2014, 12:07
10-11-2014, 12:07

2014 жылғы 4 қарашада біздің мектеп өзінің 15-жылдық мерейтойын атап өтті

Категория: Новости

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны.   
Он бес жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етеді. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1477
  • Автор: admin
  • Дата: 13-10-2014, 03:59
13-10-2014, 03:59

"Кадеттік бауырластық" халықаралық ұйым делегациясының келуі

Категория: Новости

2014 жылғы 2-5 қазан аралығында Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мемлекеттер-қатысушылар жастардың әскери-патриоттық  тәрбие әдістері мен түрлерін дамыту бойынша іс-шаралар аясында «Кадеттік бауырластық» Халықаралық ұйым қатысушыларының кездесуі өтті.    

Ұйым қызметінің басты мақсаттары  жаһандық кадет бірлестігін қалыптастыру, біріңғай кадеттік ақпарат кеңістігін ұйымдастыру,  суворов, нахимов, кадет училищилерінің бітірушілері арасындағы байланысты нығайту, кадет бірлестігінің мұрасын сақтау, кадет-ардагерлерді жан-жақты қолдау болып табылады.  

Осы кездесуде Қазақстанды өткен жылдардың суворов-бітірушілері таныстырды: «Кадеттік бауырластық» халықаралық ұйымының Қазақстандық өкілінің жетекшісі, АО НККИ кеңесшісі, запастағы генерал-майор Г.В.Носоновский,  Р.К.полковник Абилдаев, полковник Т.К.Абишев, полковник А.Л.Скорняков, полковник Е.Е.Таласбаев, полковник М.А.Когабаев, полковник И.А.Федоренко, подполковник Н.Ж.Карбенов, подполковник К.Г.Камысбаев, А.Б. Кикимов, А.А.Федоренко.

Информация к новости
  • Просмотров: 1740
  • Автор: admin
  • Дата: 2-10-2014, 11:47
2-10-2014, 11:47

2014 жылдың 1 қазанында мектебімізде Мұғалімдер күні аталып өтті.

Категория: Новости

Мерекенің бүкіл дайындалуы мен ойдағыдай өткізілуін жоғарғы сыныптың ұландары ұйымдастырды.
Ертемен мұғалімдерді түрлі-түсті шарлармен, ленталармен, құттықтау суреттерімен безендірілген дәліздер мен оқу бөлмелері күтіп алды. Әр мұғалім мектепке «жанды коридор» арқылы, барабанның салтанатты дауысымен кірді.
Бұл күні сабақта мұғалімдерді сабаққа жақсы дайындалған жоғарғы сыныптың оқушылары алмастырды. «Мұғалімдердің» өзіне үйреншікті емес рольде қобалжығанымен, ұландар белсенділік танытып, сыныптардағы тәртіп өте жақсы болды.
Сабақтан соң мұғалімдерге арнап көңілді спорттық эстафета өткізіліп, дәстүрлі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ұстаздар тәрбиеленушілерден өздерінің мекенжайына көптеген жылы сөздер естіді.
Мектеп тарихында алғаш рет Өзін-өзі басқару күні көңілді және мақтауға тұрарлықтай өткізілді.

Информация к новости
  • Просмотров: 1966
  • Автор: admin
  • Дата: 15-09-2014, 12:05
15-09-2014, 12:05

Астанада Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған патриоттық шара өтіп жатыр.

Категория: Новости

Қан майданда шайқасқан 28 қаһарман-панфиловшылардың ерлігін құрметтеу үшін патриоттық шара – Қазақстан, Ресей және Қырғызстан қалаларын жүріп өтетін автожарыс ұйымдастырылуда. Аталған шара интернационал-жауынгерлердің бастамасымен, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде өтіп жатыр.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық ардагерлер ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.М.Әбдіров, Бас штаб бастығының орынбасары, ҚР Қарулы күштер Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы полковник М.К.Таласов, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі М.Н.Бочарников және басқалар қатысып отыр.
Аталған автожарысқа «Жас ұлан» Республикалық мектебінің атынан оқу взводының тәрбиеші-офицері лейтенант Ж.С.Басаров және 3 оқу ротасының ұланы М.Рысбаев қатысуда. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1490
  • Автор: admin
  • Дата: 15-09-2014, 05:07
15-09-2014, 05:07

Танкистер күні

Категория: Новости

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде  жыл сайын танкистер  мен танк жасаушылардың - Танкистер күні мерекесі аталып өтеді.  Осы мерекеге байланысты қыркүйектің 8 күні Республикалық Жас ұлан мектебінің   мәжіліс залында мектеп бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник -  Ғ.А.Тулеушевтың қатысуымен мектеп ішілік сынып сағаты өткізілді. Бұл жиынға  мектептің ұжымы мен  барлық ұландары қатысты.  Сынып сағаты  Ұлы Отан соғысы кезінде, отан үшін от кешкен  танк әскерлері мен күн сайын заман талабына  сай техниканы жаңартып отыратын  танк жасаушылардың құрметіне арналды.
Іс –шараның мақсаты, танк әскерлері  мен кәсіби мереке туралы   ақпарат беру арқылы келешек жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру .
Іс-шара барысында  5 – ші оқу ротасының ұланы - Р.Қуанов танк туралы  және оның жалпы шығу тарихына тоқталып, көпшіліктің  назарына алынды. Сынып сағаты Джуашев Дамир және Рыспаев Мәдидің орындауында - «Три танкиста» әнімен аяқталды.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер