Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
Информация к новости
  • Просмотров: 2388
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:49
13-06-2014, 10:49

25 мамыр «Соңғы қонырау» рәсімін өткізу

Категория: Новости

2014 жылғы 25 мамырда біздің мектепте Соңғы қоңырау  мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күні мектеп партасымен  67 ұлан қоштасты. Ұландарды шығарып салуға арналған жиынға қонақтар келді.  Мектеп бастығы түлектерді және ұландарын мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін мақтау қағазы және сыйлықтармен марапаттады. Ең  маңызды сәт соңғы қоңырау да соғылып, барлығы түлектерге сәт сапар! -деп тілек айтты.

Информация к новости
  • Просмотров: 1757
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:35
13-06-2014, 10:35

24 мамыр генерал С.Қ.Нұрмағамбетовтың туған жері Ақмола облысы Ақкөл қ. өткізілген іс-шараларға ұландар қатысты

Категория: Новости

24 мамырда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туған жері Ақкөл қаласында аты аңызға айналған  генералдың 90-жылдығына арналған  мерекелік іс-шара өттті. Қаланың орталық алаңында өткен іс-шараға: ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов, «ҚР ҚК Ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары Марат Нұғыманов, ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев, Ақмола гарнизонының Бас әскери прокуроры әділет подполковнигі Данияр Бекдайырұлы Джумадилов, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлер ұйымдары, Ұлы Отан соғысы және Тыл ардагерлері қатысты. Біздің мектептің ұландары атаулы іс-шараға қатысып, өздерінің концерттік қойылымдарын көрсетсе, барабаншылар ротасы дефеле көрсетті. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1778
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:12
13-06-2014, 10:12

23 мамыр ҚР ҚК ардагерлерінің қатысуымен «Генерал, біз Сізді ұмытпаймыз!» тақырыбында театрландырылған әдеби музыкалық композициясы өткізілді

Категория: Новости

Еске алу кешінде мектеп тәрбиеленушілері мен аты аңызға айналған «Генерал, біз сізді ұмытпаймыз!»  атты театрладырылған әдеби музыкалық қойылым көрсетті. Салтанатты іс-шараға  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қарулы Күштерінің ардагерлері генерал-майор М.С.Нұғыманов, Г.В.Носоновский, Ақмола гарнизонының Бас әскери прокуроры әділет подполковнигі Д.Б.Джумадилов және басқа да мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараға қатысушылар сөз кезегінде Сағадат Қожахметұлының өмірінің елеулі тұстары туралы, оның Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құрудағы ролін және жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге, армияның мәртебесі мен абыройын көтеру мәселесіне  айрықша  көңіл бөлгендігі туралы атап айтты. 

Информация к новости
  • Просмотров: 2316
  • Автор: admin
  • Дата: 3-04-2014, 17:38
3-04-2014, 17:38

Әзіл-сықақ және күлкі күні

Категория: Новости

2014 жылғы 1 сәуірде мектептің акт залында дәстүр бойынша оныншы рет дүниежүзілік күлкі күніне арналған КТК фестивалі өткізілді. 

Үздік команда атағына және Кубокка ие болу құқығына келесі командалар күресті:

1. «Өзіміздің жігіттер» командасы - 7 сынып;

2. «Чебуреки» командасы - 7 сынып;

3. «Ералаш» командасы - 8 сынып;

4. «В наряде» командасы - 10 сынып;

5. «Жас ұланда жасалған» командасы - 10 сынып;

6. «Айран» командасы- 11 сынып.

Командалар көріністі және қызықты ойынды көрсетті. Зал өз командаларына тілектес болған жанкүйерлерге толы болды.  

 

Информация к новости
  • Просмотров: 3095
  • Автор: admin
  • Дата: 31-03-2014, 17:26
31-03-2014, 17:26

«Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының қорытындысы бойынша ақпарат

Категория: Новости

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментімен бірлесе отырып дарынды балалардың әскери жоғарғы оқу орындарында білімін дамытуға, оқуын жетілдіруге, өскелең жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық патриотизмді қалыптастыру  мақсатында  білім беру ұйымдарының 11 - сынып оқушыларының  арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасын  Астана қаласында наурыз айының 25 - 28 аралығында ҚР Қорғаныс министрілігінің генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің аясында өткізді.

Олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңіне республикамыздың барлық өңірлерінен, Астана, Алматы қалаларынан, Республикалық әскери мектептерінен 1 кезеңде жеңімпаз атанған  62  оқушы мен олардың алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өтті. 

Теориялық кезең: математика, физика, орыс тілі, қазақ тілі,  алғашқы әскери дайындық  және дене шынықтыру пәндері бойынша тестілеу.

Практикалық кезең:  1) алғашқы әскери дайындықтың нормативтерін орындау: АК-74 автоматын шынара бөлшектеу және жинақтау;

2) дене шынықтыру нормативтерін орындау; 3000 м кросс ,100 м жүгіру және  тартылу.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 1862
  • Автор: admin
  • Дата: 26-03-2014, 11:14
26-03-2014, 11:14

ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысының жүлдесіне бокс бойынша Құрлық әскерлерінің алғашқы чемпионаты

Категория: Новости

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің спорт базасында 2014 жылғы 24-27 ақпан аралығында ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысының жүлдесіне бокс бойынша Құрлық әскерлерінің алғашқы чемпионаты өтті. Жарыстың ашылуына құрметті қонақ ретінде 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиадалық ойындардың чемпионы Бахыт Сарсекбаев қатысты. 

Осы жарысқа ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бөлімдері және 10 құрама командалар қатысты. 

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында бокс бойынша алғашқы чемпионаттың жеңімпазы атағына сегіз салмақ категорияларындағы 68 боксшы күресті. 

Жарыстың нәтижелері бойынша жалпыкомандалық ойында 1-орынды Аэромобильді әскерлер командасы, 2-орынды «Отар» 40 әскери база және 3-орынды «Оңтүстік» өңірлік басшылық алды.

Жарыстың соңғы күнінде жүлдегерлерді құттықтау рәсімінде болып  және қатысқан құрметті қонағымыз бокс бойынша Олимпиадалық ойындардың чемпионы,  І дәрежелі  «Барс»  орденінің иегері Бахтияр Артаев.

Информация к новости
  • Просмотров: 2546
  • Автор: admin
  • Дата: 19-02-2014, 17:31
19-02-2014, 17:31

«Әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, мәселелері және болашағы» атты семинар-кеңесі

Категория: Новости

2014 жылғы 13-14 ақпанда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, мәселелері және болашағы» атты семинар-кеңес өткізілді.

Осы семинар-кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарғы патриоттық сезімін, Отанға деген адалдығын, конституциялық борыштарын орындауды қалыптастыратын патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру, білім алып жатқан жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыратын жаңа тәсілдер жинақтау болып табылады.

Семинар-кеңестің жұмысына еліміздің білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша директорлары, директорлардың орынбасарлары, бастапқы әскери дайындық мұғалімдері, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Алтай өңірі мен Омбы қаласының Кадет корпустарының әскери мектеп-интернаттарының өкілдері және тәрбиеленушілері қатысты. 

Семинар-кеңестің бағдарламасында пәндік әдістемелік бірлестіктер қызметінің «Мұғалімнің шеберханасы» атты тұсаукесері өтті. «Сабақтар керуені» деп аталатын біріктірілген ашық сабақтар барысында «Жас ұлан» республикалық мектебінің мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін қонақтарға көрсетті.

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2917
  • Автор: admin
  • Дата: 30-01-2014, 18:08
30-01-2014, 18:08

Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне келуі

Категория: Новости

2014 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы Қазақстан халқына  жолдауын түсіндіру және кәсіптік бағдарлану сұрақтары бойынша  Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері мен генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілерінің кездесуі өтті (Астана қ. Қорғалжын тас жолы, 16/1. 2014 жылғы 29 қаңтар, уақыты: 10:00 – 12:00 сағат).

Информация к новости
  • Просмотров: 2802
  • Автор: admin
  • Дата: 26-12-2013, 18:25
26-12-2013, 18:25

Жаңа жылдық іс-шаралар

Категория: Новости

Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің  ұйымдастыруымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін мерекелік қабылдау рәсімі өткізіледі. Биыл да бұл дәстүр ерекшелігімен өз жалғасын тапты. Ерекшелігімен дейтініміз биыл Жаңа жылдық шырша «Думан» ойын сауық орталығында ұйымдастырылды. 

Салтанатты іс-шараны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов ашты. Ол болашақ Отан қорғаушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылда жақсы білім алып, оқуда озат, тәртіпті  тәрбиелі болуларын тіледі. Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасында әскери институттар мен мектептерде жоғары дәрежелі оқытушылар білім беруде, онда оқу-материалдық базасы мен заманауи стандарттарға сай жағдайлар жасалған. Сіздер бақыттысыздар. Елбасы,  сіздердің ертеңгі күні Отан қорғаны болатындарыңызға сенеді. Біраз жылдар өткен соң сіздер қазіргі жасөспірімдер - мемлекетімізге қызмет ететін боласыздар бұл өте үлкен жауапкершілік,-деп атап өтті. Тәрбиеленушілерге министрдің атынан сыйлықтар тапсырды. Осыдан соң 1 оқу рота ұланы Шәріпбек Бақберген мектеп ұландары атынан Қорғаныс министрлігінің жасап жатқан қамқорлығына шексіз алғысын білдіріп, оның сөзін осы оқу рота ұланы Рысбаев Мәди «Жаңа жыл» әнімен жалғастырса, ал 5 оқу рота ұланы Джуашев Данияр «Здравствуй, Дедушка Мороз» әнімен көрермендерді бір серпілтіп тастады. Әрі қарай тәрбиеленушілерге түрлі кейіпкерлермен ертегі көрсетіліп, ойын ойнатылып, жаңа жылдық от шашулар жағылып, тәтті үстелден дәм татылды. Сол сияқты әрбір ұланға «Думан» ойын сауық орталығындағы 5 Д кинотеатрына және океанариумға билеттер таратылып ұландардың қуанышында шек болмады. Соңында мектеп тәрбиеленушілері Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары көмитетінің  төрағасы генерал-полковник С. Жасұзақов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник М. Таласов, «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник М. Ботинмен бірге естелікке суретке түсті. Мұндай Жаңа жылдық шырша  мектеп тәрбиеленушілерінің естерінде ұзаққа қалары сөзсіз.

Информация к новости
  • Просмотров: 2289
  • Автор: admin
  • Дата: 20-12-2013, 14:55
20-12-2013, 14:55

Бейбіт Абдрахманұлы Ыстыбаевпен кездесу кеші

Категория: Новости

2013 жылғы желтоқсанның  19-шы жүлдызында Генерал Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің ұландарымен  2012 жылғы «Қазақстан барысы», үстіміздегі жылдың 7-ші желтоқсан айында алғашқы Тараз қаласында өткен «Еуразия  барысы» жеңіпазы, Әлем және Азия чемпионы, 18 мәрте Қазақстанның түйе палуаны атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Бейбіт Абдрахманұлы Ыстыбаевпен кездесу кеші өтті.

Кездесу  палуанымызбен тәрбиеленушілер арасында сұрақ-жауап түрінде еркін форматта жүргізілді. Кездесу барысында Бейбіт Ыстыбаев осы жетістіктерге  жету үшін алдымен өзіне мақсат қойып талмай еңбек ету керек екенін тілге тиек етсе, қонағымыздың сөзін ұйып тыңдаған ұландарымыз өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Жалпы кездесу сұрақ-жауаппен ұласты. Кеш соңында палуанымыз ұландарға жақсы оқып, келешекте Отанымыздың адал ержүрек қорғаушылары болуына тілегін білдірді.

Информация к новости
  • Просмотров: 1336
  • Автор: admin
  • Дата: 10-12-2013, 18:42
10-12-2013, 18:42

Туркия республикасының Қорғаныс министрі ресми түрде келді

Категория: Новости

2013жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасына ресми сапар аясында Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне келді.

Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз мектептің оқу-материалдық қорымен танысты, жалпы білім беру пәндері бойынша сабақтарды, сондай-ақ от дайындығы бойынша сабақты көрді.

Информация к новости
  • Просмотров: 1349
  • Автор: admin
  • Дата: 6-12-2013, 18:02
6-12-2013, 18:02

Мектепке сапармен Литва Республикасының әскери делегациясы келді

Категория: Новости

26 қараша – Мектепке сапармен Литва Республикасының әскери делегациясы келді.