Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
Информация к новости
  • Просмотров: 2391
  • Автор: admin
  • Дата: 9-09-2014, 05:10
9-09-2014, 05:10

Әлемдік олимпиадалық күні

Категория: Новости

2014 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Халықаралық олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен Әлемдік олимпиада күніне арналған жүгіру жарыстары өткізілді. Жарысқа Астана қаласының білім беру мекемелері қатысты. Біздің мектебіміздің намысын 2, 3, 4, 5 оқу роталарының ұландары қорғады. Жарыс жеңімпаздары Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың қолы қойылған сертификатпен және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталды. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1894
  • Автор: admin
  • Дата: 9-09-2014, 04:58
9-09-2014, 04:58

Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанаты

Категория: Новости

2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Жаңа оқу жылын жазғы демалыстан қанаттанып келген ұландар, ұстаздар, әскери қызметшілер, ата-аналар мектептің саптық алаңында қарсы алды. Мектепке жаңадан қабылданған 7 сынып ұландарының қобалжуы елдің назарын аударды.

Іс-шараның салтанатты бөлігі генерал С. Қ. Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл рәсім мектеп ұжымының аты аңызға айналған ұлы тұлғаға көрсетілген құрмет белгісі.


Информация к новости
  • Просмотров: 2047
  • Автор: admin
  • Дата: 27-06-2014, 16:54
27-06-2014, 16:54

2014 ж жазғы-далалық жиыны

Категория: Новости

2014  жылғы 10 мамырдан  21 маусыға дейін, оқу жоспарына байланысты 10 сынып ұландарына Щучинск қаласындағы ҚР ҚМ Ш. Уалиханов атындағы Кадеттер корпусында жазғы-далалық жиын өткізілді. Жиын барысында ұландар теориялық сабақ барысындағы тактикалық, атыс, инженерлік дайындық, әскери топография, жаппай зақымдау қаруынан қорғану, әскери-медициналық дайындық бойынша алғашқы көмек көрсету  бойынша алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті және қазіргі заманғы армияда әр бір жауынгердің білуі тиіс көптеген жаттығуларды үйренді. Сонымен қатар ұландар палатка қалашығында далада тұрып, далалық асхана дәмін татты. Жиын жауынгерлік дайындық және АК-74 автоматынан атыс жаттығуын орындау нормативтерін тапсыру арқылы қорытындыланды.

Болашақ Отан қорғаушылар, нағыз патриоттарда бұндай жағдайларда  жігерлілік қасиеттері пайда болады. Ұландардан келгенде күнге күйігендері таза ауада дем алып және кішкене  есейгендіктері байқалды.

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 1915
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 11:03
13-06-2014, 11:03

5 маусым Мектеп түлектерінің шығарып салу рәсімі өткізілді

Категория: Новости

Жыл сайын дәстүр бойынша 11 сынып бітірушілерге арналған  әрбір адамның өміріндегі ең ұмытылмас және салтанатты сәт  мектеп бітіру рәсімі  өткізіледі. 11 сынып түлектеріне салтанатты түрде әскери қызметшілердің, шақырылған қонақтардың, бұрынғы мектеп бітірген  түлектердің, ұстаздардың қатысуымен жалпы орта білім  туралы аттестат тапсырылды. Түлектерге аттестатты   Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушысы табыстады. Аттестат тапсырылып болған соң  Мектеп Туымен қоштасу рәсімі  және салтанатты марш өткізілді.

Информация к новости
  • Просмотров: 3764
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:56
13-06-2014, 10:56

30 мамыр С.Қ. Нұрмағамбетовке арналған мүсінін салтанатты ашылуы

Категория: Новости

30 мамыр «Жас ұлан» республикалық мектебінің алаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, Астана қ. Әкімдік басшылығы және ҰОС Ардагерлерінің қатысуымен, Совет одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты митингте Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі С.Н. Ахметов С.Қ. Нұрмағамбетовтің Тәуелсіздік мемлекетінің Қарулы Күштерінің құруына үлкен үлес қосқаны туралы айтылған болатын. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы  Ертаев Бахытжан Ертайұлы Сағадат Қожахметұлының әскери міндетін мінсіз орындағаны жас ұрпаққа үлгі болуын ұсынды. Ұлы Отан соғысының ардагері Қадан ата соғыс уақытында қазақ жігіттері нағыз ерлік жасағанын еске алып мәнгі есте сақтауымызды талап етті. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты Бахытбек Смагұл Сағадат атамызға өлен жолдарын арнады. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың немересі мүсінді жасауға атсалысқан қауымға өз алғысын білдірді. Мүсін ашылу рәсімінен кейін мектеп бастығының МУА подполковник Ғ.Тулеушев Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі С.Н. Ахметовті Республикалық «Жас ұлан» мектебінің аралап оқу корпустарымен және ұландардың күн тәртібін  таныстырды.

Информация к новости
  • Просмотров: 2575
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:49
13-06-2014, 10:49

25 мамыр «Соңғы қонырау» рәсімін өткізу

Категория: Новости

2014 жылғы 25 мамырда біздің мектепте Соңғы қоңырау  мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күні мектеп партасымен  67 ұлан қоштасты. Ұландарды шығарып салуға арналған жиынға қонақтар келді.  Мектеп бастығы түлектерді және ұландарын мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін мақтау қағазы және сыйлықтармен марапаттады. Ең  маңызды сәт соңғы қоңырау да соғылып, барлығы түлектерге сәт сапар! -деп тілек айтты.

Информация к новости
  • Просмотров: 1863
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:35
13-06-2014, 10:35

24 мамыр генерал С.Қ.Нұрмағамбетовтың туған жері Ақмола облысы Ақкөл қ. өткізілген іс-шараларға ұландар қатысты

Категория: Новости

24 мамырда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туған жері Ақкөл қаласында аты аңызға айналған  генералдың 90-жылдығына арналған  мерекелік іс-шара өттті. Қаланың орталық алаңында өткен іс-шараға: ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов, «ҚР ҚК Ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары Марат Нұғыманов, ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Амантай Өсербаев, Ақмола гарнизонының Бас әскери прокуроры әділет подполковнигі Данияр Бекдайырұлы Джумадилов, Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлер ұйымдары, Ұлы Отан соғысы және Тыл ардагерлері қатысты. Біздің мектептің ұландары атаулы іс-шараға қатысып, өздерінің концерттік қойылымдарын көрсетсе, барабаншылар ротасы дефеле көрсетті. 

Информация к новости
  • Просмотров: 1890
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2014, 10:12
13-06-2014, 10:12

23 мамыр ҚР ҚК ардагерлерінің қатысуымен «Генерал, біз Сізді ұмытпаймыз!» тақырыбында театрландырылған әдеби музыкалық композициясы өткізілді

Категория: Новости

Еске алу кешінде мектеп тәрбиеленушілері мен аты аңызға айналған «Генерал, біз сізді ұмытпаймыз!»  атты театрладырылған әдеби музыкалық қойылым көрсетті. Салтанатты іс-шараға  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қарулы Күштерінің ардагерлері генерал-майор М.С.Нұғыманов, Г.В.Носоновский, Ақмола гарнизонының Бас әскери прокуроры әділет подполковнигі Д.Б.Джумадилов және басқа да мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараға қатысушылар сөз кезегінде Сағадат Қожахметұлының өмірінің елеулі тұстары туралы, оның Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құрудағы ролін және жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге, армияның мәртебесі мен абыройын көтеру мәселесіне  айрықша  көңіл бөлгендігі туралы атап айтты. 

Информация к новости
  • Просмотров: 2418
  • Автор: admin
  • Дата: 3-04-2014, 17:38
3-04-2014, 17:38

Әзіл-сықақ және күлкі күні

Категория: Новости

2014 жылғы 1 сәуірде мектептің акт залында дәстүр бойынша оныншы рет дүниежүзілік күлкі күніне арналған КТК фестивалі өткізілді. 

Үздік команда атағына және Кубокка ие болу құқығына келесі командалар күресті:

1. «Өзіміздің жігіттер» командасы - 7 сынып;

2. «Чебуреки» командасы - 7 сынып;

3. «Ералаш» командасы - 8 сынып;

4. «В наряде» командасы - 10 сынып;

5. «Жас ұланда жасалған» командасы - 10 сынып;

6. «Айран» командасы- 11 сынып.

Командалар көріністі және қызықты ойынды көрсетті. Зал өз командаларына тілектес болған жанкүйерлерге толы болды.  

 

Информация к новости
  • Просмотров: 3252
  • Автор: admin
  • Дата: 31-03-2014, 17:26
31-03-2014, 17:26

«Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының қорытындысы бойынша ақпарат

Категория: Новости

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментімен бірлесе отырып дарынды балалардың әскери жоғарғы оқу орындарында білімін дамытуға, оқуын жетілдіруге, өскелең жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық патриотизмді қалыптастыру  мақсатында  білім беру ұйымдарының 11 - сынып оқушыларының  арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасын  Астана қаласында наурыз айының 25 - 28 аралығында ҚР Қорғаныс министрілігінің генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің аясында өткізді.

Олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңіне республикамыздың барлық өңірлерінен, Астана, Алматы қалаларынан, Республикалық әскери мектептерінен 1 кезеңде жеңімпаз атанған  62  оқушы мен олардың алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өтті. 

Теориялық кезең: математика, физика, орыс тілі, қазақ тілі,  алғашқы әскери дайындық  және дене шынықтыру пәндері бойынша тестілеу.

Практикалық кезең:  1) алғашқы әскери дайындықтың нормативтерін орындау: АК-74 автоматын шынара бөлшектеу және жинақтау;

2) дене шынықтыру нормативтерін орындау; 3000 м кросс ,100 м жүгіру және  тартылу.

 

Информация к новости
  • Просмотров: 1957
  • Автор: admin
  • Дата: 26-03-2014, 11:14
26-03-2014, 11:14

ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысының жүлдесіне бокс бойынша Құрлық әскерлерінің алғашқы чемпионаты

Категория: Новости

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің спорт базасында 2014 жылғы 24-27 ақпан аралығында ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысының жүлдесіне бокс бойынша Құрлық әскерлерінің алғашқы чемпионаты өтті. Жарыстың ашылуына құрметті қонақ ретінде 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиадалық ойындардың чемпионы Бахыт Сарсекбаев қатысты. 

Осы жарысқа ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бөлімдері және 10 құрама командалар қатысты. 

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында бокс бойынша алғашқы чемпионаттың жеңімпазы атағына сегіз салмақ категорияларындағы 68 боксшы күресті. 

Жарыстың нәтижелері бойынша жалпыкомандалық ойында 1-орынды Аэромобильді әскерлер командасы, 2-орынды «Отар» 40 әскери база және 3-орынды «Оңтүстік» өңірлік басшылық алды.

Жарыстың соңғы күнінде жүлдегерлерді құттықтау рәсімінде болып  және қатысқан құрметті қонағымыз бокс бойынша Олимпиадалық ойындардың чемпионы,  І дәрежелі  «Барс»  орденінің иегері Бахтияр Артаев.

Информация к новости
  • Просмотров: 2670
  • Автор: admin
  • Дата: 19-02-2014, 17:31
19-02-2014, 17:31

«Әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, мәселелері және болашағы» атты семинар-кеңесі

Категория: Новости

2014 жылғы 13-14 ақпанда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, мәселелері және болашағы» атты семинар-кеңес өткізілді.

Осы семинар-кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарғы патриоттық сезімін, Отанға деген адалдығын, конституциялық борыштарын орындауды қалыптастыратын патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру, білім алып жатқан жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыратын жаңа тәсілдер жинақтау болып табылады.

Семинар-кеңестің жұмысына еліміздің білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша директорлары, директорлардың орынбасарлары, бастапқы әскери дайындық мұғалімдері, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Алтай өңірі мен Омбы қаласының Кадет корпустарының әскери мектеп-интернаттарының өкілдері және тәрбиеленушілері қатысты. 

Семинар-кеңестің бағдарламасында пәндік әдістемелік бірлестіктер қызметінің «Мұғалімнің шеберханасы» атты тұсаукесері өтті. «Сабақтар керуені» деп аталатын біріктірілген ашық сабақтар барысында «Жас ұлан» республикалық мектебінің мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін қонақтарға көрсетті.

 

 

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер