Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2016 жылғы «22» қаңтардағы

№ 35 және 2018 жылғы «16» мамырдағы № 323 бұйрықтарымен

бекітілген

 

 

Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіневедомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

Қабылдау әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) әзірлейтін қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 


2-тарау. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау

 

«Жас ұлан» республикалық мектептеріне (бұдан әрі – Мектеп) оқуға түсетін жылы он бес жастан жас емес, оқуға түсетін жылы орта білім беретін ұйымның 9 (10) сыныбын аяқтаған және негізгі орта білімі туралы куәлік алған Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматтары қабылданады.

Құрылымдық бөлімше жоспарланған оқушыларды Мектептерге қабылдау туралы ақпаратты қабылдау жылының 1 наурызына дейін жергілікті атқарушы органға (білім беру басқармасына) жеткізеді.

Денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды оқуға түсушілер қабылдау жылын қоса алғанда 1 – 5 тамыз кезеңінде Мектепке ата-аналарымен (қамқоршыларымен, заңды өкілдерімен) келеді және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса тіркеумен мектепке қабылдау туралы өтініш береді.

Қабылдау комиссиясына толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.

Мектепке қабылдау қабылдау жылын қоса алғанда 6 – 20 тамыз кезеңінде конкурстық негізде мынадай 5 (бес) кезеңде жүзеге асырылады:

І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

ІІ кезең – негізгі орта білім бағдарламасы бойынша математика және оқыған тілі бойынша тестілеу;

III кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес медициналық куәландыру;

IV кезең «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) айқындалған нормативтер бойынша дене дайындығын тексеру;

V кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталылык, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша Мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді.

Мектепке рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ға дейін асыруға жол беріледі.

Әскери қызметшілердің балалары «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 3-тармағында көзделген шарттар бар болған кезде Мектепке конкурстан тыс қабылдау құқығын пайдаланады.

Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының
21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Мектептің интернет ресурсында орналастырылады, апелляцияға өтініштер 21 тамызда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімін қабылдау жылының 22 тамызында Мектептің бастығы бекітеді.

Мектептерге оқуға түскендер оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.


 

Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан

Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына

1-қосымша

 

 

Мектепке оқуға түсуші ұсынатын құжаттар тізбесі

 

1. Өтініш (өтініште оқуға түсушінің тегі, аты және әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты жерінің мекенжайы, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректері) көрсетіледі.

2. Туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).

3. Негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).

4. Көлемі 3х4 см 4 фотосурет.

5. Медициналық құжаттар және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес медициналық зерттеулер нәтижелері:

1) тұрғылықты жері бойынша медициналық мекеменің мөрімен расталған, антропометрикалық деректері (бойы, салмағы, кеудесінің, белінің, жамбасының, басының өлшемі) енгізілген және мынадай мамандардың тексеру деректері мен қорытындылары бар «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/У нысаны бойынша анықтама:

педиатр/терапевт;

офтальмолог;

отоларинголог;

невропатолог;

хирург;

стоматолог;

2) № 907 бұйрыққа сәйкес тұрғылықты жері бойынша медициналық мекеменің мөрімен расталған оқуға түсушінің денсаулық жағдайы және шалдыққан аурулары туралы амбулаторлық картадан үзінді. Егер оқуға түсуші қандай да бір ауру себебінен диспансерлік есепте тұрған болса, үзіндіде оның диспансерлік есептен шығарылғаны туралы деректерді көрсету қажет.

Үзіндіде дәрі-дәрмек заттары мен басқа да заттарды көтере алмаушылығы (жоғары сезімталдығы), сондай-ақ шалдыққан инфекциялық аурулары туралы мәліметтер көрсетіледі;

3) № 907 бұйрыққа сәйкес оқуға түсуші амбулаторлық картаны құжаттарды тапсырған кезде жеке өзі ұсынады;

4) № 907 бұйрыққа сәйкес профилактикалық егулер туралы мәліметтер;

5) жалпы қан талдауы (қабылдау жылының 15 шілдесінен кейін тапсырылуға тиіс);

6) несеп талдауы (қабылдау жылының 15 шілдесінен кейін тапсырылуға тиіс);

7) гельминт жұмыртқасына және Д-тобына үлкен дәрет талдауы;

8) тыныштық жағдайындағы (жүктемеден кейінгі – көрсеткіштер бойынша) ЭКГ;

9) медициналық куәландыру күніне 3 айдан ерте емес (қабылдау жылының 1 мамырынан кейін) жасалған кеуде қуысы азғаларын тура және оң жақ бүйірлік проекциялардағы рентген үлдіріне түсірілген флюорографиялық зерттеу;

10) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгено-графиясы (1 шілдеден ерте емес рентген үлдірінетүсірілген);

11) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция).

6. Білім беру мекемесінің директорынан мөрі бар ұсыным хат.

7. Спорттық разрядты, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық жарыстардағы, конкурстардағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).

8. Жетім балалар және олардың ата-анасы құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда жалғыз немесе ата-анасының екеуінің қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған фактісін растайтын құжаттардың (Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, сот шешімі (ата-анасын ата-анасының құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп тану туралы) бірінің түпнұсқасын және оның көшірмесін, науқастану туралы анықтаманы, ата-анасының іздестіруде екені туралы анықтаманы) қосымша ұсынады.

9. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда есепте тұрмағаны туралы анықтама.

10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.