Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады

Оқу процесі



 

Спорт

Спорттық жұмыс ұландарды спортпен үнемі шұғылдануға, дене дайындығы деңгейінің көтеруіне, спорттық шеберлігі мен бос уақытты ұйымдастыру мақсатында өткізіледі. 
Осы үшін спорттық  секциялар ұйымдастырылған: 

бокс бойынша соққыларды дайындау үшін боксшы қабы мен груша ілінді және бокс рингі орнатылды; мектеп болғаннан бері бокс бойынша спорт шеберіне 5 кандидат, көптеген қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға  жүлдегерлер мен қатысушылар дайындалды;

еркін күрес бойынша қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға  жүлдегерлер мен қатысушылар күресетін боз кілемде өткізіледі;

баскетбол бойынша секцияда өткен жыл мерзіміндегі жетістіктер: көптеген қалалық жарыстардың қатысушылары; 2000 және 2007 жылы – баскетбол бойынша Астана қ. Кубогына турнирде  1-орын және 2006 жылы Алматы қ. баскетбол бойынша Республикалық турнирде 2- орын; 2012 жылы қаңтарда – Астана қ. 8 үздік командалар арасында (10-11 сыныптар)  қалалық турнирде 1-орын; 2012 жылы ақпан-мамырда Астана қ. 10 үздік командалар арасында (7-9 сыныптар)  «Жастардың баскетбол лигасында» 2-жалпыкомандалық орын; 

волейбол бойынша секция – көптеген қалалық жарыстардың қатысушылары;

гір спорты бойынша секция  - қалалық жарыстардың қатысушылары;

жүзу бойынша оқу сабақтары -  мектептің жүзу бассейнінде  (жол ұзындығы – 25 м) оқу сабақтары кезінде өткізіледі.