Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл

Тәрбие процесі

Тәрбие жұмысы

«Жас ұлан» республикалық мектебінде жеке құраммен тәрбие жұмысының кең көлемі мен әдістері жүргізіледі.
Мектептің аумағы тақырыптық насихат көрнекіліктерімен безендірілген.
Мектеп тәрбиеленушілері К.Байсеитова атындағы опера және балет театрына, Орыс драма театрына, Ұлттық академиялық кітапханаға, Президенттік мәдени орталығына, Тұңғыш Президент мұражайына, қаланың ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға барады.
Мектепте тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін домбыра, би үйірмелері және спорттық секциялар жұмыс істейді.
Мектеп ұландары Республикалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді түрде қатысады.
2017 жылы өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде мектеп ұландары әлем мемлекеттерінің жалауын ел назарына ұсынды.
Мектептің барабаншылар ротасы Жамбыл облысы, Гвардейск қалашығында және Астана қаласында өткен жауынгерлік шерулерге қатысып, өздерінің жауынгерлік даярлықтарын зор деңгейде көрсете білді.
«Браво» көңілді тапқырлар клубы командасы елімізде өтетін мектепаралық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Жыл сайын өткізілетін Республикалық әскери мектеп-интернаттары арасында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығының жүлдесіне өткізілген әскери-спорттық ойындарда мектеп командасы бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алды.
Жыл сайын мектеп базасында еліміздің 14 облысының өкілдері қатысатын «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өткізіліп тұрады.
Мектепте Қазақстан Республикасының 14 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген ұландар білім алады.
Қазіргі уақытта мектепте 20 сынып (4 оқу ротасы) оқиды.
Сабақтар екі тілде жүргізіледі (мемлекеттік тілде және орыс тілінде).
Мектепте тәрбие жұмысын қамтамасыз ету үшін мынадай материалдық-техникалық база бар:
- клуб;
- ақпараттық-тәрбие жұмысының бұрышы;
- көркем әдебиет кітапханасы;
- оқу кітапханасы;
- мектеп мұражайы;
- ұлттық дәстүрлер сыныбы;
- хореография сыныбы;
- эстрадалық вокал сыныбы.
Мектепте 3 бағыт бойынша 11 үйірме жұмыс істейді:
интеллектуалдық:
(робототехника үйірмесі, ғылыми үйірме, пікірталас үйірмесі, түрік тілін оқыту үйірмесі);
мәдени-музыкалық:
(хореография үйірмесі, ұлттық музыка үйірмесі, вокалды-аспаптық ансамбль үйірмесі);
әскери-спорттық:
(мамандыққа кіріспе, қазақша күрес, жас атқыш, жеңіл атлетика).



МӘДЕНИ БОС УАҚЫТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫ

 

Көркем өнерпаздар үйірмесі

жетекшісі

 

Эстрадалық вокал

Жұмекенова
Жансая
Ерболат қызы

 

Домбыра

Байжұма Айнұр Жамали қызы

 

би

Жұмаханова Аида
Байқазақ қызы

 

Дыбыс жазу студиясы

Ұландар кеңесі

 

КВН құрамасы

Белая Татьяна Анатольевна

 

 

 

МӘДЕНИ БОС УАҚЫТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨТКІЗЕТІН ШАРАЛАРЫ

 

1. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театры

 

2. М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

 

3. ДЖУНГЛИ ТЕАТРЫН ТАМАШАЛАУ. 

 

4. «АСТАНАЛЫҚ ЦИРК» ЦИРК ҚОЙЫЛЫМДАРЫН ТАМАШАЛАУ. 

 

5. АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ӨНЕРІНІҢ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ.

 

 

 

 


  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер