Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » «Казахстанский путь: Мәңгілік Ел»
Информация к новости
  • Просмотров: 250
  • Автор: admin
  • Дата: 22-12-2017, 12:37
22-12-2017, 12:37

«Қазақстан жолы: Мәңгілік ел»

Категория: Новости

Семинар тренингті Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев, тарих ғылымдарының кандидаты Бердағұлова Сағынтай Кеңесқызы, Хамитова Ақбота Камоевна, Исинова Кунсұлу Серікқызы, Үмбетова Күнсулу Ағымбайқызы сынды қызметкерлері өткізді. Семинар барысында ««Мәңгілік ел» жолында: тарих пен тағылым», «Тәуелсіздік және ұлттық қауіпсіздік» тақырыптарында дәріс оқылса, ал «Елбасы әлемі» тұжырымдамалық моделінің – 3 құраушысы: «Тұлға», «Саясаткер», «Жасампаз». Елбасының саяси философиясы» және «Болашағы бір ұлт өкілінің негізгі қасиеттері» тақырыптарына тренинг жаттығулар өткізілді. Семинар тренинг өте қызықты, мағыналы, әсерлі өтті десе болады, себебі ұландар оқу курсы барысында қызығушылық таныта отырып тыңдап, сұрақтарын қойып, Елбасының ерен еңбектері туралы біліп қана қоймай, Мәңгілік ел туралы ой-пікірлерін ортаға салды. «Мұндай сабақтар ұландардың көшбасшылық қасиетін қалыптастырып, ойлау қабілетін дамытатыны анық.
Сонымен бірге Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев біздің «Жас ұлан» мектебінің ұландарының жоғары деңгейлі дайындықтарын ерекше атап өтті:
– Жасұландықтар жоғары тәртіптерімен ерекшеленеді, барлығы жазып алуға тырысады. Кез келген ақпаратқа өте мұқият қарайды. Сұрақтарға деген қызығушылығы сезіліп тұрады, талқылауға да белсенді қатысады, сұрақтар қояды. Жасұландықтар үшін жоғары отансүйгіштік қасиет өте маңызды. Олар – нағыз өз елінің патриоттары. Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына байланысты сұрақтар оқушылардың белсенділігін арттырды. Жастардың барлығы дәл осы жасұландықтар сияқты болса ғой деген ой келеді» - деді.
Ұландар да өз кезектерінде осы 2 күн бойы дәріс берген ұстаздарына алғыстарын жаудырып, осындай немесе бұдан да басқа іс шараларға қатысуға әзір екндіктерін айтты.
Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Муттахиденқызы Қайыпова ханым барлық ұландарға, мектеп басшылығына алғысын білдіріп,  арнайы сертификаттар мен  «Біздің Президент» атты кітабын табыстады. 
Дәл осы семинар тренингтің қысқартылған түрі мектеп қабырғасында 13 желтоқсан күні әскери қызметшілерімен де өткізілді. Әскери қызметшілерде осы семинар тренингтен жақсы әсермен тарасты.

Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ТжИЖБ идеология және арнайы насихаттау бойынша офицері
капитан М.Смағұл


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *