Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » «Сығанақ ежелгі астана» тақырыбында кездесу
Информация к новости
  • Просмотров: 1977
  • Автор: admin
  • Дата: 22-12-2017, 12:47
22-12-2017, 12:47

«Сығанақ ежелгі астана» тақырыбында кездесу

Категория: Новости

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы - үлкен стратегиялық мәні бар, қазақтың жарқын болашағын айқындап берген құжат. Бұл материалда Елбасы қазақ халқы әрі қарай қалай дамиды, қоғам қалай ілгерілеу керек деген мәселелердің концепциясын жасады. Соның ішінде ең күрделі мәселенің бірі «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама тұлғалар бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш.
Міне осындай өзінің туған елінің жанашыры Рысбек Амандықов мырзамен генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінде тәрбиеленушілермен кездесу өткізілді.
Рысбек Асқарұлы Амандықов Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жастайынан, оқушы кезінен өнерге, шығармашылыққа жақын болып 1985 жылы ауданда өткен «Жігер» фестивалінде жүлдегер атанып, облыстық, республикалық фестивальдарға қатысқан.
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл толуына орай, Рысбек Асқарұлы Кеңес Одағының батыры А.С. Романовқа арнап жасалған бюсті Романов атындағы мектептің мұражайына 9-мамыр Жеңіс күні табыс етті. Дарынды ақын, Қазақстанның мәдениет қызметкері Манап Көкеновтың бюсті, «Арыстанбай», «Әбу-Нәсір Әл-Фараби», «Қойшы бала», «Әке» атты тақырыптарда жасалған портреттер өзіндік орны бар туындылар. «Елім-ай», «Бүркітші», «Сен», «Жұлдыз», «Жеңіспен оралу», «Шахтадан кейін», «Жас Олжас» атты композициялары түрлі материалда жасалған мүсіндері Республика көлемінде Мемлекеттік және Жастар көрмелеріне қатысқан.
Шығармашылық жұмыстарды қоса атқара жүріп, кейінгі ұрпаққа арналған бейнелеу өнерінің оқулықтарымен бағдарламаларына да өз үлесін айтарлықтай қосты.
Бүгінде Елордамыз Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Баспа-полиграфиялық орталығында редактор қызметін атқарып келеді.
Аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарға Жаңақорған жерінің құрметті азаматтары, Сығанақ, (Сунақ ата) қалашығы жайлы тарихи мақалаларын басылым беттеріне жарыққа шығарып келеді.
Бүгінгі таңда қазақ халқының өткен тарихынан сыр шертер Сығанақ қалашығына қатысты талай тарихи деректер мен құнды жәдігерлер жинақтаған. Ұлы қазақ даласына кеңінен танымал, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында өзіндік тарихи орны бар көне Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Сығанақ қаласын халыққа таныту және оны кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында 18-мамырда - Халықаралық музейлер күніне орай «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Сығанақ тарихи-мәдени қорық-мұражайы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, тікелей Рысбек Асқарұлының бастамасымен «Сығанақ тарихы» музейінің ашылу салтанаты өтті.
«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп тегіннен-тегін айтпаса керек-ті.
Міне осындай істермен әрбір азамат айналысса туған жеріміздің, Отанымыздың көркейетіні сөзсіз.
Рысбек Асқарұлы ұландармен «Сығанақ ежелгі астана» тақырыбында әңгімелесіп Сығанақ қаласының тарихы мен мәдениетінің айрықша орны бар екенін, айтып түсіндірді. Сонымен бірге мұражай ашу атын шығару немесе жеке басына пайда табу үшін жасалып жатқан жұмыстар емес екенін ескертіп, керісінше, ұрпақ игілігі үшін, туған жеріміздің тарихы үшін ұйымдастырылып жатқан игі шара екенін түсіндірді.
Өз кезегінде мектеп басшылығы Рысбек Асқарұлына халқымыздың ұлы мұраты жолында маңдай терін төгіп, түн ұйқысын бөліп, аянбай еңбек етіп, ақыл-ой қуатын, жүрек отын ата-бабалар рухы мен тарихына, өнерінің өсіп, өркендеуіне арнап, Сығанақ тарихы музейі мен ұлттық рух туының биікте желбіреуіне, мемлекеттігіміздің нығаюына өлшеусіз үлес қосқандығына, «Сығанақ тарихы» музейінің тарихына мәңгі өшпес із қалдырғандығына рахметін айтып, ал ұландарды осындай игі істерден сабақ алуға шақырды.






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер