Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Чернобыль апатының куәгерлерімен кездесу
Информация к новости
  • Просмотров: 2093
  • Автор: admin
  • Дата: 22-12-2017, 12:57
22-12-2017, 12:57

Чернобыль апатының куәгерлерімен кездесу

Категория: Новости

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде мектептің жеке құрамымен «Аманат арқалаған туындылар авторы» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, көптеген кітаптардың авторы, Чернобыль апаты және Ауған соғысы тақырыптарына ұзақ уақыттан бері қалам тартып келе жатқан Марат Жүніс-Бек мырзамен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты Чернобыль апаты жайлы жеке құрамға мағұлматтар беру, патриоттық сезімі жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, қасіреттің салдарынан қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, олардың есімдерін құрметтеу, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Кездесу басталмас бұрын арнайы Чернобыль оқиғасының деректері, қасіреті көрсетілген «Аманат арқалаған туындылар авторы» атты көрме ұйымдастырылып, мектеп тәрбиеленушілері өте қызығушылықпен қарап шықты.
1986 жылдың 26 сәуір күні Украинадағы атом электр станциясының төртінші блогы жарылып, сол апаттан төрт мыңнан астам адам қаза тауып, кем дегенде бес миллионнан аса халық зардап шеккен болатын. Күллі әлемді дүр сілкіндірген осы бір апат орын алған жерде ерікті-еріксіз түрде болып қайтқан азаматтар елімізде отыз екі мыңнан астам саналады. Кездесу барысында Марат Жүніс-Бек мырза басынан өткерген небір қиын-қыстау күндерін көз алдынан жүгіртіп, өз сөзінде «Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, халық өміріне қауіп төндіргенін, жергілікті аймақтағы тұрғындарды құтқарып, апатты залалсыздандыруға көптеген Қазақстан азаматтарының қатысқанын айта келе, аса қауіпті уыттың таралуынан 5 миллионға жуық халықтың зардап шеккенін атап өтті. Сөзі дәлелді болу үшін жеке құрам назарына «Ерлік кездейсоқ болмайды» атты бейне фильм ұсынылды. Сонымен бірге осы кездесуге арнайы келген Астана қаласының «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарбаев Қуандық Мұхаметжанұлы мен Заиченко Виктор Иванович сұрапыл апат жайында өз ойларындағы естеліктерімен бөлісіп, мұндай жағдайдың енді қайталанбауын тілеп, кейінгі ұрпақты тарихтан сабақ алып, бейбітшілік пен татулықта өмір сүруге шақырды. Кеш соңында жауынгер ардагерлер мектептің қызметкерлері мен ұландарымен бірлесіп естелік суретке түсіп, Марат Жүніс-Бек ағамыз арнайы мектеп ұландары үшін өзінің бірнеше том кітаптарын мектеп кітапханасына сыйлық ретінде табыстады.
Мұндай кездесулер жас толқынның жүрегінде Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге, қызығушылығын оятуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Еңселі ерлердің ерлігін ту еткен бұл жылы жүздесуден егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер азаматтарының ұлы борышы екендігін жас ұландықтар тағы бір сезінгендей болды.

Генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ТжИЖБ идеология және арнайы насихаттау бойынша офицері капитан М.Смағұл

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер