Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Встреча с воспитанниками детского дома
Информация к новости
  • Просмотров: 367
  • Автор: admin
  • Дата: 22-12-2017, 13:09
22-12-2017, 13:09

Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу

Категория: Новости

Балалар үйі – ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесі екені баршамызға мәлім. Олардың жүрегіне жол тауып, өмірден өз орындарын табуы үшін мемлекет көмегін аяп келе жатқан жоқ. Оларға ең алдымен мейірім-шуақ керек екенін ұмытпағанымыз жөн. Балалар үйін ұйымдастырудың мақсаты – балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау.
2017 жылдың 29 қарашасында генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған Балалар үйінің балалары қонақта болып, мектептің тыныс тіршілігімен танысты. Оларды 11 сынып ұландары Әділбайұлы Сырым мен Теміртас Аслан мектептің мұражайымен, кітапхана, спорт зал, оқу аудиторияларымен таныстырды. Балаларға мектептің ұнағандығы соншалық, қалай мектепте оқуға болатындығын сұрап, ұландар оларға бәрін түсіндіріп айтып берді. Әсіресе әскери пәндерді оқытатын сыныптарға келгенде балалар қару жарақтарды, макеттерді қолдарымен ұстап көріп, таңданыстарын жасыра алмады. Сонымен бірге олар мектептің көркемөнерпаздар тобымен дайындаған концерттік бағдарламаларын көріп, соңында мектептің асханасында арнайы дайындалған тәтті тағамдардан дәм татты. Кездесу соңында балалар мектеп ұландарымен естелік суретке түсіп, тарқасты. Осы балалардың ішінен Рамазан және Денис атты балалар келесі жылы өздерінің «Жас ұлан» мектебіне оқуға түскісі келетіндіктерін айтып ұландармен қимай қоштасты.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, олар үшін бар жағдайды жасауымыз керек. Тәуелсіз еліміз барда, балалар ешқандай да қиыншылық көрмей өсуі керек. Балалар үшін Елбасымыздың жасап жатқан қамқорлығына алғысымыз шексіз. Халқымыз «Бала – бауыр етің» демей ме, балалардың болашақ тағдыры мемлекеттің саясатынан ешқашан тыс қалмауы керек. Бүгінгі жас сәбиге ертеңгі елдің болашағы ретінде қарап, олардан бар көмекті аямауымыз керек. Балалар үйіне қайырымдылық көрсетіп, адамгершілік ар-ұждан биігінен көрініп жүрген қамқоршы жандар баршылық. Ондай жандардың ізгі ісіне бақ-береке тілейміз.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *