Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » «ТӘРБИЕ ІСІ – ЖЕҢІСТІҢ КІЛТІ» атты волейболдан жарыс өткізілді
Информация к новости
  • Просмотров: 339
  • Автор: admin
  • Дата: 24-01-2018, 07:36
24-01-2018, 07:36

«ТӘРБИЕ ІСІ – ЖЕҢІСТІҢ КІЛТІ» атты волейболдан жарыс өткізілді

Категория: Новости

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде 19 қаңтар ҚР Қарулы Күштеріндегі тәрбиеші-офицерлер күніне арналған

«ТӘРБИЕ ІСІ – ЖЕҢІСТІҢ КІЛТІ» атты волейболдан жарыс өткізілді.

«Әскер – елдің айнасы» десек, сол әскердің айнасы тәрбие құрылымы офицерлері деп айтуға толық негіз бар. Себебі, тәрбие құрылымы офицерлері қашанда өзгелерден ойының ұшқырлығымен, тапқырлығымен, сөзінің шешендігімен ерекшеленіп тұрады. Әскери ортада өткізілетін әрбір іс-шараның басы-қасында жүретін тәрбиеші офицер мырзалар – өз мамандықтарының майталманы.

Тарихи құжатқа сүйенсек, Жоғарғы Бас Қолбасшы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың №1084 Қаулысымен 1993 жылы қаңтардың 19 жұлдызында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты» құрылды.

Мақсаты жаңа заманғы Қарулы Күштер қатарындағы жарғылық әскери тәртіпті нығайту мен ұлттық идеологияны әскери ортада кеңінен насихаттау, күшейту болып табылады. Біздің мектептің барлық әскери қызметкерлеріне осы мақсат айдай мәлім, өйткені біз болашақ офицерлер тәрбиелеудеміз.

Жарыс мемлекетіміздің әнұранымен ашылып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің идеология жұмыстары басқармасының аға офицері полковник Кемелбаев Қанат Мұхаметқалиұлы алғашқы құттықтау сөзін мектеп тәрбиешілеріне және команда ойыншыларына жолдады. Құттықтау сөзді ұстаздар ұжымының «Сарбаздар» әні жалғастырса, мектептің әскери қызметшілері «Қазақ елі» әнін әдемі орындап шығып, қатысушылардың көңілдерін бір сергітіп тастады.

Осыдан соң 4 командадан құралған жарыс басталды. Жарысқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникация жөніндегі департаменті жоспарлау және үйлестіру басқармасының бастығы полковник Р. А. Шақшабаев пен Әскер түрлеріне бағыттау бөлімінің бастығы капитан Г. Т. Нусипов бастаған команда, Астана-Арена стадионы қызметкерлерінен құралған команда, Ақмола облысы, Астрахань ауданы ұстаз ардагерлер командасы және генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиешілерінен құралған команда қатысты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді.

Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан әскери қызметшілер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде, Астана-Арена стадионы қызметкерлерінен құралған команда 1-орынды иеленді. Астрахань ауданы ұстаз ардагерлер командасы 2-орынды алса, Ақпарат және коммуникация жөніндегі департаментінің командасы 3-орынға табан тіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктар табыс етілді.


.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *