Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Встреча с депутатом Сената Парламента Республики Казахстан генерал-лейтенантом Тасболатовым Абай Болюкпаевичом
Информация к новости
  • Просмотров: 294
  • Автор: admin
  • Дата: 13-02-2018, 06:42
13-02-2018, 06:42

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты генерал-лейтенант Тасболатов Абай Бөлекбайұлымен өткен кездесу

Категория: Новости

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінде 9 ақпанда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Бөлекбайұлы Тасболатовпен кездесу өтті. Кездесуге мектептің әскери қызметкерлері, мұғалімдер, тәрбиеленушілер қатысты. Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары жайлы пікір алмасып, «Рухани жаңғыру» бағдарламалары негізінде атқарылып жатқан жұмыстар мен межеленіп отырған міндеттер туралы өз ойларын ортаға салды.

Сонымен бірге Сенат депутаты Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Елбасымыздың бұл Жолдауы ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін, елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея екенін атап, осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз, оның барлығы біздің болашағымыз Отан қорғаушыларымыз сіздердің қолдарыңызда деп айтып өтті. Осыдан соң 3 оқу рота ұланы Мұхаммед Нұржанат Елбасы жолдауы туралы өз пікірін барлық ұландардың атынан білдіріп, ал мектеп тәрбиеленушілері Абай Бөлекбайұлына өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Әңгіме арасында Абай Бөлекбайұлы сабақты жақсы оқумен қатар ұландарға жан-жақты болу керектігін түсіндіріп, олардың ағылшын тілінен білімдерін тексеріп те алды, сонымен бірге отырған қауымға ән де айтып беріп, бойларын бір сергітіп алды.

Кездесу соңында мектеп бастығы генерал-лейтенант Қаражанов Құрбан Сәкенұлы Абай Бөлекбайұлына рахметін айтып, бұл кездесу мектептің әрбір әскери қызметшілері мен қызметшілеріне, тәрбиеленушілерге үлкен әсер қалдырып, олардың әрқайсысын жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға бастайтын кездесу болғаны анық екенін айтты. Одан соң Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың болашағына сенімді, азаматтық мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынына сенім білдіріп отырғанын жеке құрамның саналарына жеткізе түсіндірді.

Елбасымыздың Жолдауын мұқият тыңдап, зерделей ой түйдiк. Қол жеткен жетiстiктердi ешкiм жоққа шығара алмасы анық. Сондықтан, көреген Елбасы жариялаған Жолдау межелерiн жүзеге асыруда тұтастай біздің ауызбiршiлiгiміз бен жауапкершiлiгiміз өте қажет. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы бiздiң болашақ өсуiмiздiң, өркендеуiмiздiң нақты тұғырнамасы iспеттi. Елбасының әр Жолдауында жастардың жағдайы, олардың бiлiм алу мүмкiндiгi жайлы сөз етiлуi көңiлiмiзге зор қуаныш ұялатады. Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болады деген сенiмдемiз.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыздың бағыт-бағдарын бағамдап берген Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін маңызды құжат болатындығы туралы ортақ ой өрбіткен мектеп ұжымы бұл кездесуден ой түйіндеп, жарқын леппен тарасты.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *