Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » 2 февраля в Республиканской школе прошло общее собрание членов семей военнослужащих.
Информация к новости
  • Просмотров: 355
  • Автор: admin
  • Дата: 13-02-2018, 06:55
13-02-2018, 06:55

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің әскери қызметшілері отбасының жанұяларымен кезекті отырысы

Категория: Новости

 

Отбасы -бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік. Отбасы -баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтарын біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мәліметтерді береді және онда басқалармен қарым -қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады.

2018 жылдың 2 ақпанында генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің әскери қызметшілері отбасының жанұяларымен кезекті отырысы кездесу өткізілді. Кездесу мектептің акт залында әскери қызметшілердің балаларының дайындауымен концерттік бағдарламамен басталды. Кішкентай Жанерке Әділ мен Айғаным Өмірзактың орындауындағы әндерін көрермендер сүйсіне тыңдаса, ал Әнел Әнуарбек мамасы – аға сержант Салтанат Тулебиевамен «Бақытты балалық» әнін орындап нақышына келтіріп орындап шықты.

Кішкентай өнерпаздардың концертінен кейін мектеп бастығының орынбасары- тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Жарбосынов А.К. сөз алып қазірҚазақстанның Қарулы Күштерінде әйелдер кеңесі әскери қызметшілердің отбасыларымен белсенді өзара іс-әрекеттегі жұмыс жасап келеді. Олар әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің моральдық-психологиялық жағдайын зерттеп, оларға көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу бойынша шараларды іске асырып келеді. Міне осындай әйелдер кеңесі біздің де мектебімізде өз жұмыстарын жүргізіп сол жұмыстарының біріне бүгін өздеріңіз куә болып отырсыздар деп атап өтті.

Сөз соңында подполковник Жарбосынов Амантай Қалабайұлы «Бақытты жанұя- бақытты ел» атты балалар сурет көрмесінің жеңімпаздарын яғни Жақсылық Аружан, Кошкимбаева Сәуле, Әділ Жанерке, Шуканов Арлан, Наурызбай Әмина, Иманғали Аяулымды арнайы мектеп басшысы генерал –лейтенант Каражанов Құрбан Сәкенұылының атынан дипломдармен марапаттады.

Одан соң арнайы мектептің әскери қызметшілерінің балаларымен отбасы, бақытты жанұя туралы дайындалған видероликті тамашалады.

Соңындатәжірибелі, перинаталдық психолог, психоаналитикалық, психотерапиялық Еуропа конфедерациясының мүшесі, «Алтын сана» тәжірибелі психологтар орталығының директоры Дарья Демидова мен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми- зерттеу және талдау орталығының діни ахуалды талдау және мониторинг жасау бөлімінің жетекшісі Ольга Гайко ханымдар өз баяндамаларымен сөз алып, әскери қызметшілердің жанұяларына түсіндірме жұмысын жүргізді

Түсіндірме жұмысынан соң мектептің әйелдер кеңесінің 2018 жылға жоспарланған жұмыстарымен таныстырылып әскери қызметшілердің жанұяларына осы әйелдер кеңесінен қандай көмектер алуға болатындығы туралы көрсетілген буклеттер таратылды. Осылай әйелдер кеңесінің отырысынан әскери қызметшілердің жанұялары өте мағыналы да қажетті кеңестер алып, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

 

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің

ИжАНБ офицері капитан М. Смағұл

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *