Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » «Ардагерлерім-ардақтыларым»
Информация к новости
  • Просмотров: 251
  • Автор: admin
  • Дата: 2-03-2018, 16:46
2-03-2018, 16:46

«Ардагерлерім-ардақтыларым»

Категория: Новости

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі»  бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. Олай болса жауынгердің ерен ерліктері ешқашан да ұмытылмақ емес. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Міне, біздің мектебіміздің қабырғасында өткізген іс шара осының дәлелі. 2018 жылдың 8 қаңтарында генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде «Ардагерлерім-ардақтыларым» атты шығармашылық байқау «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының және Қазақстан Респуликасы Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Чернобыль апатының және ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің қызметкері Марат Жүніс-Бектің жеке бастамасымен, ардагерлерімізге деген құрметімізді одан әрі арттыру, ҚР ҚК имиджін көтеру мақсатында және бастама иесінің жүлделері үшін ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты Ауған оқиғасының, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстың, Семей сынақ полигоны қасіретін және Чернобыль атом электр станциясындағы техногендік жарылысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Ардагерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ардагерлерге құрмет көрсетіп мынадай номинациялар бойынша

  1. Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар;
  2.  Семей сынақ полигоны қасіреті;
  3.  Чернобыль апаты;
  4. Ауған соғысы мен жергілікті қақтығыстар тақырыбы бойынша

жазылған шығармалар,қабырға газеттері, өздері шығарған өлеңдер, әңгіме, эссе, мақала, қолөнер бұйымдарын жасау керек болатын.
Осы тапсырмалар бойынша ұландар арасынан 60 тан астам өздерінің шығармаларын жазып, төрт оқу ротасы 4 қабырға газеттерін, суреттерін, 20 дан астам ұландар өздері өлеңдер шығарып және қолөнер бұйымдарын тапсырды. Жұмыстарды алдын ала бекітілген әділқазылар алқасы саралап, бағаларын берді. Өз мәресіне жеткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттауға құрметті қонақтар арнайы шақырылды. Атап айтар болсақ: ҚР Жергілікті қақтығыстар мен Ауғанстан соғысы ардагерлері кеңесінің құрметті мүшесі, ҚР ҚК ардагері, Қызылорда облысы, Қазалы ауданының құрметті азаматы,  "Қызыл жұлдыз" орденінің кавалері, «КСРО Қарулы Күштерінде қызметі үшін» ІІІ дәрежелі орденінің иегері, Америка Құрама штаттары офицерлік дәрежесінің құрметті лигион орденінің кавалері генерал-майор Ерниязов Алимжан Канағатұлы, «Ардагерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы, Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық Тілдерді дамыту үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Оразкүл Асанғазықызы,  тұрақты комиссия төрағасының орынбасары, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының президенті, Ауғанстан соғысының ардагері Қайрат Меңдібайұлы Елубаев, «Батыс Қазақстан облысындағы Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Чернобыль апатының ардагері Тайманов  Асқар Жолдығалиұлы, Ақтөбе облысының "Чернобыль Құрбандары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Чернобыль апатының ардагері Сатов Бақытжан Ситқалиұлы, «Чернобыль жаңғырығы» Жезказган қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Чернобыль апатының ардагері Үңгітбаев Мұхит Қадырұлы, Атырау облысының «Чернобыль ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Чернобыль апатының ардагері Даулетияр Болат Шәкірұлы және т.б. сыйлы қонақтар аталған іс шараның қадірлі қонағы болып қана қоймай, жеңіпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты. Осындай ардагер ағаларымыздың қолынан марапатталу мектеп тәрбиеленушілері үшін үлкен қуаныш, үлкен жауапкершілік екені көрініп ақ тұрды.
Құттықтау барысында генерал-майор Ерниязов Алимжан Канағатұлы осындай іс шараны ұйымдастырылып отырғанына арнайы мектеп бастығы генерал-лейтенант Қаражанов Құрбан Сәкенұлына үлкен рахметін айтып, осындай іс шараларды жиі өткізу өскелең ұрпақты ерлік пен елдікке, батырлық пен өжеттілікке, өз ұлтының жанашыры болуға, Отанымыздың қасиеттi топырағын қорғауға тәрбиелейтінін айтты. Сонымен бірге  осындай уақытта армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алмауға болмайды деп атап өтіп, мектеп тәрбиеленушілерін Сағадат атамыздың өмірінен үлгі алып, оның бойындағы қарапайымдылық, алғырлық, өжеттілік, намысшылдық тәрізді небір жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп өсу керектігін айтты.
Іс шара барысында Ауған соғысы, Чернобыль апаты жайлы фильмдер көрсетілді. 3 оқу рота ұланы Мұхамед Нұржанат «Ауған ерлерін еске алу» атты өз өлеңін  оқыса, ал 4 ші оқу рота ұланы Сарқытпаев Қуаныш «Жаса қазақ» әнімен, қызметкер Алтынбаев Әлібек «Офицерлер» әнімен көрермендердің көңілдерін бір сергітті. Ұландарды ең қызықтырғаны 3 оқу рота ұландары М. Ауенов, А.Нуралиев, Қ. Дуйсенгалиевтің (жетекшілері информатика пәнінің мұғалімі Ермағамбет Г.Ө.) өз қолдарымен жасалған Семей полигонының жарылысы туралы қолөнерлерлері болды. 
Қорытынды құттықтау сөзді мектеп бастығы генерал-лейтенант Қаражанов Құрбан Сәкенұлы алып осындай іс шаралар болашақ ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыратынын айта келіп, байқаудың  әрі қарай 2- ші кезеңі жалғасатынын,  екінші кезеңнің қорытындысын 2018 жылдың 4 желтоқсанында өткізілетіндігін ескертті.  Осылай демдерін іштеріне тарта тыңдап отырған мектептің жеке құрамына  бұдан да жақсы атсалысатындықтарына сенімін білдірді.
Іс шараны ұйымдастыруға ат салысқаны үшін Марат Жүніс Бек мырзаға рахмет айта отырып, алыстан ат терлетіп келген қонақтарға ерекше алғысын айтып, қонақтарды да осы іс шараға атсалысқандары үшін және болашақ ұрпақты ерлікке, рухани - патриоттық құнды қасиеттерді жастардың бойларына сіңіріп, өз Отанын сүюге тәрбиелеудегі еңбектері үшін марапаттады.
Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған азаматтар қандай құрметке болса да лайықты. Олардың Отан алдындағы жауапкершіліктері кейінгі ұрпаққа үлгі.
Осындай кездесу ұландар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс-шара болды деп есептейміз.

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы 
«Жас ұлан» Республикалық мектебінің
идеология және арнайы насихаттау
бойынша офицері капитан М. Смағұл

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *