Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Діни экстремизмнің алдын алу шаралары
Информация к новости
  • Просмотров: 502
  • Автор: admin
  • Дата: 2-03-2018, 17:17
2-03-2018, 17:17

Діни экстремизмнің алдын алу шаралары

Категория: Новости

Бүкіл әлемніңс аяси, әлеуметтік,экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизммен терроризм. ХХІ ғасырдыңең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде де армия ортасына құрылымды бұзатын идеялардың кіруіне жол бермеу мақсатында 5-14 ақпан аралығында онкүндік өткізу жоспарланып отыр.

Осы бағытта біздің мектебімізде де яғни генерал С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамымен ұйымдастырылды. Онкүндік барысында әскери қызметкерлер мен қызметкерлерге, тәрбиеленушілерге еліміздің мемлекеттік саясатын және мемлекеттік құрылымды бұзатын идеяларға қарсы іс қимыл жөніндегі идеологиясын түсіндіріп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизмге қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптары жеткізіліп, «Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың маңызды шарты қырағылық», «Дәстүрлі діннің радикалды ағымнан айырмашылығы неде?», «Деструктивті діни ұйымдар» тақырыптарында әңгіме кеңес өткізілді. Сонымен бірге Астана қ. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі Гайко Ольга Александровна әскери қызметшілер мен қызметкерлерге Қазақстанда тыйым салынған террористік, экстремистік және оккультті-мистикалық ұйымдардың тізімін айтып, жалпы елімізде жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуінің бірден-бір себебі, діни сауатсыздық екенін, кейбір ақпараттар көздерінің мәліметі бойынша Қазақстаннан 400-ге жуық 18 жастан 30 жасқа дейінгі қандастарымыз соғыс алаңдары-Сирия, Иран секілді елдерге кетіп қалғандығын, бұлардың арасында мектепті бітіргендер, жоғары оқу орынын бітіргендер мен бизнесте жүргендер де бар екенін айтып, экстремизм мен мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әрбір тұлға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертіп өтті.
Осы онкүндікте басқа да мағыналы, мазмұнды іс шаралар кеңінен атқарылды. Атап айтар болсақ, «Дін – халықтың рухани негізі» тақырыбында мектеп тәрбиеленушілерімен жалған терроризмді таратудың алдын алу, тәрбиеленушілерді ұлтаралық, конфессияаралық төзімділікке тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер сынып сағаттарынын ұйымдастырды. Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университеті «Дінтану» факультетінің магистранттары мектептің ұландарымен «Адамзаттың жаһандық проблемасы. Терроризм.»тақырыбында пікірталас жүргізіп ұландар өздерінің көкейдегі жүрген біршама сұрақтарына жауаптарын алды.

Сонымен бірге мектептің жеке құрамына мемлекеттік жүйенің зайырлы қағидаларын, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін түсіндіретін ақпараттық-түсіндіру парақтары таратылды.

Осы онкүндікте ұйымдастырылған іс шаралардың барлығы да мектептің жеке құрамына діни экстремизмнің алдын алу мақсатында септігін тигізеді деген ойдамыз.

 

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің

идеолгия және арнайы насихаттау бойынша офицерікапитан М. Смағұл

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер