Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Женщина героиня – Нонна Константиновна.
Информация к новости
  • Просмотров: 176
  • Автор: admin
  • Дата: 15-03-2018, 09:40
15-03-2018, 09:40

Ұлы Даланың батыр қызы-Нонна Константиновна.

Категория: Новости

 

Жақында 8-наурыз халықаралық әйелдер күні нәзік жандылардың төл мерекесі болды. Елімізде нәзік жандылардың алатын орны ерекше, соның ішінде ел қорғаған батыр аналарымыз бен апаларымыз, Қарулы Күштер қатарында жүрген аруларымыз да аз емес. Мектебімізде «Ұлы даланың батыр қыздары!» атты тақырыппен Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлерін көктем мерекесімен құттықтау акциясы өткізіліп, акция барысында ардагер әжеміз Новиченко Нонна Константиновна ханымды Халықаралық әйелдер күнімен мектеп атынан құттықтауға бардық.

Нонна Константиновна ханымға құр қол бармас үшін гүл шоғы мен сыйлық ала бардық. Әжеміздің үйіне барып мерекесімен құттықтаған соң әжеміз өзінің алғысын айтып, дереу өзінің әңгімесін бастады. Әлбетте әңгіме басы балалық шақтан бастау алды. Ардагер анамыздың балалық шағы қиындыққа толы қуғын-сүргінмен өткен екен. Кеңес үкіметінің құрылуы кезінде әжеміздің әкесі жазықсыз жазаға тартылып, анасымен бірге жер аударылған. Қанша қиындық көрсе де болашақтан зор үміт күткен әжеміз өз отбасымен бірге барлық кедергілерге төтеп берген.

Кейін әжемізден Ұлы Отан соғысы кезіндегі өзінің еңбек жолы жайлы сұрадық. Соғыс жылдары әжеміз жауға қарсы қару алып соғыспаса да, майдан алаңынан келген көптеген жаралы жауынгерлердің өмірін аман алып қалған. Бұл жұмыста сол жылдардағы ең қиын әрі жауапты істің бірі болған. Жаралы жауынгерді аман алып қалу оңай емес, бұл іс сақтық пен өжеттілік, ерлік пен қайсарлық, батырлық пен шыдамдылықты қажет етеді, себебі бұл іс кез-келген адамның қолынан келмеген. Міне осындай қасиеттер әжеміздің бойында табылғандықтан, майдан алаңына аттанған екен.

Одан әрі қарай әжеміз бізді өзінің отбасымен таныстырып, естеліктері мен суреттерін көрсетті. Соғыстан кейін геологиялық жұмыстармен айналысқаны жайлы белгілі болды. Өзінің өмірлік серігі де геолог болған. Сөз соңында әжеміз бізге өз өсиетін айтып, әрқашанда Отанымызға адал болуымызды тіледі. Бізге әскери адамның қарапайым әрі әділетті болу керегін айтты.

Нонна Константиновна ханым осы жылы 96 жасқа толған екен, бірақ әлі де бойындағы күш қуаты сарқылмаған. Ер есімі ел есінде, ел қорғаған ардагер ата-әжелерімізді ұмытпайық!

 


 

вице кіші сержант Әбсағит.Д

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *