Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Қош келдің, Наурыз!!!
Информация к новости
  • Просмотров: 462
  • Автор: admin
  • Дата: 27-03-2018, 12:19
27-03-2018, 12:19

Қош келдің, Наурыз!!!

Категория: Новости

Күн мен түн теңеліп, табиғат ана оянған сәті – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде наурыздың он жетісі күні бар салтанатымен тойланды.

Мектеп ұжымы, ата-аналар және ұландар бір үйдің баласындай жұмылып, жыл басы Наурыз мерекесінің тарихы терең, ұғымы кең екендігін паш етіп айқындайтын іс-шара өткізді.

Қазақ киіз үйінің элементтері, шыңырақ, сандық, бесік, дастарханы жайылған дөңгелек үстел т.б. халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне қатысы бар бұйымдар төрдің сәнін толтырды.

Ата-аналардың көмегімен мектеп ұландарына мерекелік ақ дастархан әзірленді. Ұлы тойға арнайы дайындалған Наурыз көже мен тіл үйіретін ұлттық тағамдар берекелі қазақы ауылдың көрікті бейнесін еріксіз еске салды.

Мектеп бастығы генерал-лейтенант С.Қ. Қаражанов тәуелсіз ел тарихындағы орны ерекше мереке, Наурыздың, маңызын тарқатып, баршамектеп ұжымына, ұландарға өз ізгі тілегін арнады. 3-оқу ротасының командирі майор Қ.М. Түзелбаев Наурыз мерекесінің қасиетті тұлғасы, ақ сақалды қария «Қыдыр ата» бейнесінде ортаға шығып, ұландарға той алдында ақ батасын берді.

Ұландар мереке шымылдығын қазақ биі «Қара жорғамен» ашып беріп, күміс көмей әншілеріміз тойға ән-шашуын арнады.

Наурыз- ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындардың еске алынып, көрсетілетінигі мереке. Ұландар «Қыз ұзату», «Беташар» дәстүрлерінің өту барысын сахналап көрсетті. Ал мұғалімдер мен ата-аналар өз кезегінде «Тұсау кесу» рәсімін толық түсіндірді. Қазақ ұғымындағы «Әже» деген асыл сөздің бар қасиетін бойында сақтап, жарасымды ақ кимешегін киген ұлан Қалтай Диастың әжесі батасын беріп, кішкентай бөбектің тұсауын кесті.

Осылайша, «Жас ұландықтар» Наурыз мерекесін дүбірлі думанмен қарсы алды.

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.Ж. Мукушева

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер