Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Ғарышкерлермен кездесу.
Информация к новости
  • Просмотров: 90
  • Автор: admin
  • Дата: 12-04-2018, 10:20
12-04-2018, 10:20

Ғарышкерлермен кездесу.

Категория: Новости

Осыдан біршама жыл бұрын нақтырақ айтқанда 1961 жылы 12 сәуір күні адамзат тарихында елеулі оқиға орын алды. Ол адамның алғаш ғарышты бағындыру сәті еді. 12 сәуірді БҰҰ-ның бас Ассамблеясы адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялады. Бұл киелі сәт қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш айлағында тіркелген, мұның өзі қазақты ұлықтауға себеп болып отыр.

Осынау айтулы күнге арнап, Қорғаныс Министрлігі және Астана қаласының жаңадан ашылған Байқоңыр ауданы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әскери-патриоттық орталығында әсем де, әсерлі мағыналы кеш өтті. Кеш қонағы ретінде – қазақтың бағына біткен алтын перзент, тұңғыш қазақ ғарышкері халық қаһарманы – генерал - майор Тоқтар Аубакиров арнайы бұл концертке құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мерекенің көркін келтіріп, біздің армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ұландары да бұл концерттің алдыңғы қатарында бой көрсетті.

Мәнді де, мағыналы бүгінгінің қаһармандарына арналған бұл іс шараның болашақ ұрпақ үшін тәрбиелік мәні өте зор. Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді» деген терең мағыналы сөз бар. Бұл сөздің өзі осы іс шараға мұрындық болып отыр. Есімі қазақ түгіл әлемге белгілі осындай нар тұлғалы азаматтардың ұмыт болуы әсте мүмкін емес. Барымызды қадірлеп, қастер тұтайық.

Тағы да, барша қазақ елін халықаралық ғарышкерлер күнімен құттықтаймын.

 

генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебінің ұлан Мұхамет Н.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *