Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Халықаралық ғылыми жоба сайысының үздігі ұлан Каримхан Нұрасыл.
Информация к новости
  • Просмотров: 128
  • Автор: admin
  • Дата: 12-04-2018, 10:27
12-04-2018, 10:27

Халықаралық ғылыми жоба сайысының үздігі ұлан Каримхан Нұрасыл.

Категория: Новости

Астана қаласы Оқушылар сарайында оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру мақсатында орта мектептер, гимназиялардың және лицейлердің 8-11 сынып оқушылары арасында химия бағыты бойынша 2018 жылдың 7-8 сәуір аралығында «Химик-зерттеуші» І Халықаралық Үздік ғылыми жоба сайысы өтті.

Конкурсты ұйымдастыру комитеттері Астана қаласы МКҚК «Оқушы-

лар сарайы» мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қолданбалы химия институты.

Комиссияның төрағасы Астана қаласындағы Оқушылар Сарайындағы «Химик-зерттеуші» үйірмесінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қолданбалы химия институтының директоры.Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы .

екі кезеңнен тұрды І-ші кезең – ғылыми жұмыстарды іріктеу, ІІ-ші кезең - ғылыми жобаны қорғау. Жұмыстардың ұсынылу реті және олардың конкурстық комиссияда қаралуы І кезеңде іске асырылды.

Осы конкурсқа генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2 оқу ротасы 1 взвод 11 «А» сынып ұланы Каримхан Нұрасылдың «Қар суын зерттеу арқылы атмосфералық ластануды анықтау» тақырыбындағы химия ғылымы бойынша тәжірибелік зерттеулері бар, оқушыныңғылыми жетекшілерінің бағыттауымен өздігінен жасаған және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысы қазақ тілінде ұсынылды.. Ғылыми жетекшілері химия және биология пәнінің мұғалімі Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы және химия ғылымының кандидаты., қауымдастырылған профессор, доцент Искакова Жанар Бақтыбайқызы.

Ғылыми жоба сайысына жіберілген ғылыми жұмыстар құрылған комиссия мүшелерімен тексеріліп, антиплагиаттық бағдарлама бойынша сарапталды. Комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша 2018 жылдың 15 наурызында іріктеуден қорғау кезеңіне өтіп, ғылыми жобаның авторлары ретінде арнайы шақыру хат алып 2018 жылдың 7-8 сәуірінде Оқушылар сарайында өтетін ғылыми жобаны қорғаудың ІІ-ші кезеңіне жолданады.. Сайыс конкурсант оқушылардың қатысуымен, жұмысты мультимедиялық презентациямен 7-10 минут аралығында баяндау арқылы және 5-10 минуттай әділқазы мүшелерінің сұрақ қоюына арналған мүмкіндікпен өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2 оқу ротасы 1 взвод 11 «А» сынып ұланы Каримхан Нұрасылдың ғылыми –зерттеу жұмысы ең үздік ғылыми жоба деп танылды.

Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында химия бағыты бойынша «Химик-зерттеуші» І Халықаралық Үздік ғылыми жоба сайысында I орын алғаны үшін ұлан Каримхан Нұрасыл Қанатұлы, жетекшісі Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы және Искакова Жанар Бақтыбайқызы

I дәрежелі ДИПЛОМ мен марапатталып, және бағалы сыйлық табысталды. Қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар, ал ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

 

Идеология және арнайы насихаттау

офицері капитан М. Смағұл

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *