Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » V Республиканская комплексная олимпиада «Сардар»
Информация к новости
  • Просмотров: 177
  • Автор: admin
  • Дата: 16-04-2018, 03:47
16-04-2018, 03:47

5-ші «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасы

Категория: Новости

 

«Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан азаматтарының патриоттығын дамыту және нығайту маңыздылығына назар аударып «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» деп атады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери білім және кадр департаменті «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығымен бірлесіп өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау, әскери қызметке қызығушылығын таныту мақсатында, Астана қаласындағы ҚР Қорғаныс министрілігінің генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында 2018 жылғы сәуір айының 12 – 14 аралығында11-ші сынып оқушыларының арасында V-ші «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға әскери мектептерден, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен лицейлерден және жалпы білім беретін орта мектептерден 63 оқушы, 21 команда қатысты.

Олимпиаданы 12 сәуір күні Қазақстан Респуликасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және кадрлар департаментінің бастығы әділет полковнигі Копбаев Қайрат Рашидұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Қирабаева Шолпан Ақашқызы және генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы генерал- лейтенант Қаражанов Құрбан Сәкенұлы салтанатты түрде ашып, өз құттықтау сөздерін олимпиада қатысушыларына жолдаумен бірге оларға сәттілік тіледі. Әрі қарай атаулы мектептің көркемөнерпаздар тобымен дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалап, әсем көңіл күймен олимпиада қатысушылары Астана қаласының Ұлттық мұражайына экскурсиялап, ондағы жәдігерлерден рухани байлық алып қайтты.

Олимпиаданың ең негізгі, маңызды күні 13 сәуірде басталды. Себебі осы күні олимпиада қатысушылары 2 кезең бойынша сынақтан өтті. Теориялық кезең - пәндер бойынша тестілеу: математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі және алғашқы әскери дайындық.

Практикалық кезең – алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру бойынша нормативтерді орындау:оңашаланған сап құру дайындығы,АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және қайтадан жинау, 1000 метрлік кросс, 100 метрге жүгіру және кермеде тартылу.

Нәтижесінде Гран приді Семей қаласының Ш. Уалиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі Джашкенев Алишер жеңіп алса, 1 орынды – «Арыстан» мамандандырылған лицейінен Салаватов Дәурен, Кулешов Данил, Даулетов Еламан, генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Әділбайұлы Сырым, Шымкент қаласы, С. Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Жолдасбек Мадияр, Семей қаласының Ш. Уалиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі Муратбеков Ерасыл, 2 орынды - генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі Бадилов Руслан, Темиргалиев Мади, Алматы «Жас ұлан» республикалық мектебі Әшім Ақыл, Жадыгер Рустем, Шымкент қаласы, С. Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Курбанов Азамат, Ақтөбе облысы, №51 мектеп гимназиясының оқушысы Сәулет Дулат, Махамбеталиев Абай, Семей қаласының Ш. Уалиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі Төлеубаев Темірлан, Алматы қаласынан Байғонус Дінмұхамед, 3 орынды - Оңтүстік Қазақстан облысы № 12 орта мектеп оқушысы Лаханов Ерлан, Алматы облысы №5 орта мектеп оқушысы Жомарыт Ардақ, Маңғыстау облысы №5 орта мектеп оқушысы Байкулов Эркин, Павлодар ОСВШИ Қолдыбай Ғалымжан, Бейсембай Айдын, Шымкент қаласы, С. Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Есиркеп Дулат, Қостанай облысынан Кенжетаев Даулет, Маңғыстау облысы Ақшұқыр мектеп лицейі оқушысы Алихан Абзал, Алматы қаласы Абай атындағы РММИ Оразбай Қуаныш, Батыс Қазақстан облысы № 11 мектеп оқушысы Сарсенбаев Саят, Алматы облысы №1 мектеп –гимназия оқушысы Тен Владимир иеленді.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталары және құнды сыйлықтарымен марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификат тапсырылды.

Алғашқы әскери дайындық мұғалімдері үшін «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Өскелең ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық жауапкершілігін қалыптастыру жолында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерінің алатын орны ерекше. Іс-шара барысында аталған саладағы білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер сыныптар, тренингтер өткізілді.

Семинардың мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру үрдісіне заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Семинардың қорытындысы бойынша семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *