Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Пресс релиз
Информация к новости
  • Просмотров: 92
  • Автор: admin
  • Дата: 27-04-2018, 04:07
27-04-2018, 04:07

Пресс релиз

Категория: Новости

26 сәуірде сағ. 15-00 генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың аясында «Туған жер – тұнған шежіре» атты шығармашылық сайыстың гала – концерті ұйымдастырылды. Іс – шара белгілі демеуші Жантіл Өмірбайдың қолдауымен өтті.

Шара барысында Ж. Өмірбай жас ұландықтарға бағалы сыйлықтар табыстады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі тұрақты түрде демеушілік көрсетіп, жастардың әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өз тарихымыз бен мұрамызды білу, саналы жастарды тәрбиелеу, жас ұрпақтың қызығушылығын арттыру және оған қолдау беру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу – осының барлығы «Туған жер – тұнған шежіре» шығармашылық сайыстың негізгі мақсаты боп табылды.

Сайыс 16 командаға бөлінген: «Мен Отанымды сүйемін» (эссе, мақала және т.б. сайысы), «Отан үшін еңбек етем» (сурет салу және қолөнерлік бұйымдар жасау), «Менің өңірімнің атақты тұлғасы» (заманауи қазақстандық қоғамның қалыптасуына әсер еткен тұлғалар), «Менің туған өлкем - тарихым» (туған жердің мұрасын, археологиялық қазбаларды, қасиетті орындарды зерттеу), «Туған елім – алтын бесігім» (шоу бағдарлама, ән – күй, би, шағын спектакль, мәнерлеп оқу т.б.).

«Туған жер алтын бесігім» номинациясы бойынша 4 оқу рота ұланы Сарқытбаев Қ., Абдигапиров Н, Мақсатұлы Д., Темиргалиев М., Дүйсенгазиев А. туған жер туралы әнді нақышына келтіріп орындаса, ұлан Керімбек Е. өзінің актерлік қабілетін өте шебер көрсете білді. «Жырлаймын туған жерімді» номинациясы бойынша ұлан Н. Мұхамед, А.Турганалиев өз өлеңдерін туған жерлеріне арнап шығарса, «Менің өлкемнің танымал тұлғасы» номинациясы бойынша 1 оқу рота ұланы Мажитов Ислам өзінің жобасын қорғап шықты.

Нәтижесінде . Ақтөбе және Павлодар облыстарының тәрбиеленушілерінен құралған команда 3 орын иеленсе, 2 орынды Оңтүстік Қазақстан облысы тәрбиеленушілерінен құралған команда, 1 орынды Қызылорда облысы тәрбиеленушілерінен құралған команда иеленді.

Ал Гран-примен Жамбыл облысы тәрбиеленушілерінен құралған команда марапатталды.

«Біздің ең басты міндетіміз – ол жас, өскелең ұрпаққа қолдау көрсету. Себебі Сіздердің алдарыңызда Елбасымыздың Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосу, халқымыздың өркендеуі мен гүлдену деңгейін әрі қарай дамыту, еліміздің халықаралық беделін нығайту жолындағы бағдарламасын жүзеге асыру міндеті тұр» - деді Ж. Өмірбай жастарға айтқан сөзінде.

Шараның соңында сайыстың жеңімпаздары демеушіге шексіз алғыстарын білдірді.

 



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *