Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » «Өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі – генерал!»
Информация к новости
  • Просмотров: 412
  • Автор: admin
  • Дата: 28-04-2018, 09:25
28-04-2018, 09:25

«Өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі – генерал!»

Категория: Новости

Өмірге келген соң адам тал егіп көлеңкесін саяласам, жемісін жесем дейді. Жөргегінен қағылез болып туып, бесігінен -ақ бұлқынып елімнің кемелденуіне, жерімнің өркендеуіне үлес қосам қазағымның көсегесі қайтсем көгереді деген ұлы арман жолында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында алар орны айрықша, қалтқысыз қызмет еткен жан 1 және 2 ші дәрежелі «Даңқ» орденінің, иегері генерал-лейтенант Каражанов Құрбан Сәкенұлымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерімен өзінің курсанттан генералға дейінгі өмір жолдарымен бөлісті. Барша саналы ғұмырын Отан қорғау жолына арнаған әскери өмірін курсанттан бастап генерал лейтенант шеніне дейін абыройлы қызметімен жүріп өткен, ұлы Отанымыздың адал перзенті генерал лейтенант Қаражанов Құрбан Сәкенұлы деп бастап оның барлық курсанттан генералға дейінгі жүріп өткен өмір жолына қысқаша шолу жасалған бейнебаян көрсетілді.
Сыр сұхбатқа қызметтес болған полковник К. Е.Акашев, полковник Т. Н. Нурканов, полковник М. Б. Рахымжанов келіп Құрбан Сәкенұлымен бірге қызметтес болған жылдарын естеріне алып, алғаш танысқан кездегі әсерлерін айтып, Құрбан Сәкенұлының өзіне тән және оны ешкімде қайталай алмайтын қайсарлық, батырлық, өжеттік, өткірлік, бір беткейлік, мінезінің бар екенін, шынайы шын көңілмен елін, халқын сүйетін Отанға деген рухани құндылыққа, өз қызметіне деген адалдығы істеген істері мен әр сөзінен көруге болатындығын тәптіштеп, жарыса айтып берді. Бар ықыластарымен ұйып тыңдаған тәрбиеленушілер өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.
Өмірдегі идеалы, үлгі тұтатын адам ұлы Абай мен қаһарман Бауыржан Момышұлы болса, өмірлік ұстанымы әділдік, адалдық, адамгершілік екендігін және адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет,адамның сана сезімі мен ар ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моралдық-этикалық жиынтығы екенін, Ұлы Абайдың сөзін мысалға келтіре отырып жеке құрамның жетесіне жеткізе түсіндірді.
Адам боп келдім өмірге адам боп кетсем тілегім дегендей әрбір азамат үшін абыройлы болу үлкен бақыт. Оның ішінде әскери адамға, абыройлы, мінсіз, еліне, халқына, жоғарғы бас қолбасшыға қызмет ету ол абыройдың абыройы. Абай мен Бауыржанды жүрегінде ту етіп желбіреткен, ұран етіп қастерлеген азаматқа қалай тәнті болмайсың. Осылай мектебіміздің бастығы, генерал–лейтенант Қаражанов Құрбан Сәкенұлының дара жолынан үлгі алатын мағыналы кештің соңын 3 оқу рота ұланы Мұхамед Нұржанат генералды құрметтейтінін, қадірлейтінін, үлгі тұтатынын айта келіп өз жадынан арнайы шығарған «Құрмет тұтамын» атты арнау өлеңімен аяқтады.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер