Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Жеңіс шеруі
Информация к новости
  • Просмотров: 275
  • Автор: admin
  • Дата: 29-05-2018, 03:48
29-05-2018, 03:48

Жеңіс шеруі

Категория: Новости

Астана қ әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен біздің мектебімізде Жеңіс шерушілерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау рәсімі өткізілді.

Алматы қаласынан Елордаға жеткен шерушілер, «Отан қорғаушылар» алаңындағы Отан ана ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы құрбандарының әруағына тағзым етті.

Содан соң авто-мото шеруі мәскеулік музыканттармен бірге республикалық «Жас ұлан» мектебінің акт залында мектептің көркемөнерпаздар тобымен бірге Астананың қарттар мен мүгедектер үйі ардагерлерінің алдында концерттік бағдарлама ұсынып, ардагерлерге сыйлықтар табыстады.

Концерт барысында осы халықаралық жобаның үйлестірушісі Елена Прокудина, осы шерудің мақсаты туралы түсіндіріп өтті. Яғни ол - «Бұл жоба эстафета іспетті. Ол жай ғана авто-мото шеру емес. Біз жеткен әр қаламызда концерт береміз. Әр қала үшін бірегей бағдарлама дайындадық. Біз соғыс жылдарындағы әндерді шырқап қана қоймай, тылдың, майданның не екендігін, әр түрлі халықтардың бір-бірін қалай қолдағанын көрсеткіміз келеді», - деді.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, шерушілер қатары жол бойы арта түспек. Олар Қазақстан мен Ресей қалалары арқылы батыр қала – Брестке жетпек ниетте. Шеру 22 маусымда аяқталады деп жоспарлануда.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер