Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Қайырымдылық концерті ұйымдастырылды
Информация к новости
  • Просмотров: 265
  • Автор: admin
  • Дата: 29-05-2018, 03:49
29-05-2018, 03:49

Қайырымдылық концерті ұйымдастырылды

Категория: Новости

 

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің көркемөнерпаздар тобы көп жылдан бері «Балаларды оңалту ұлттық орталығымен» бірге жүйелі түрде достық қарым қатынаста жұмыс атқарып келеді. Олай дейтініміз, «Жас ұлан» республикалық мектебінің көркемөнерпаздар тобы жыл сайын осы орталықта ем алушы балаларға қайырымдылық концерттерін қойып, оңалту шарасына үлес қосуда. Биылғы жылы да сол дәстүр бойынша 5 мамыр күні ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтауға арналған іс-шараға біздің мектебіміздің көркемөнерпаздар тобы қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, көңілдерін бір көтеріп тастады. Сонымен бірге, шара барысында ұрпақтар сабақтастығы ретінде ардагерлерімізбен бірге бола отырып, 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесімен бүгінгі күні сапта жүрген әскери қызметшілерді де құттықтап өтті. Іс шара соңында «Балаларды оңалту ұлттық орталығы» ұжымы ұландардың өнеріне риза болып, көркемөнерпаздар ұжымын марапаттады.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер