Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Учебно-полевые сборы
Информация к новости
  • Просмотров: 289
  • Автор: admin
  • Дата: 8-06-2018, 04:17
8-06-2018, 04:17

Оқу-далалық жаттығу

Категория: Новости

 

Біздің ұландар үшін далалық жиын ерекше есте қаларлықтай өтті. Далалық жиын бұл біздің жыл бойы әскери пәндерден алған теориялық білімдерімізді практика жүзінде шыңдау. Сонымен бірге мақсаты ұландарды әскери қару түрлері мен әскери техникаға машықтандыру. Олай болса осы далалық жаттығу барысында өткізілген әрбір сабақ, тактикалық ұрыстар, ұландарға әскери өмірдің келбетін кескіндеп бергендей. Далалық жаттығу 68665 әскери бөлімінің территориясында 5 күн қатарынан өтті.

Ұландар саптық дайындық, атыс түрлері, әскери топография, жаппай қырып жоюдан қорғаныс дайындығы, басқа да алғашқы әскери дайындық пәнінің тарауларын тәжірибе жүзінде меңгерді.Оның ішінде ұлан Сүйіндік Р., Абжал О., Иванов Р., Көрікбаев Е., Мұхамед Н., Мухамадиев С. өздерін жақсы жақтарынан көрсетті.

Далалық жиынның соңғы күні ұландар атыс дайындығы барысында толық жауынгерлік жабдықтарымен қолдарына қару алып, өмірлерінде алғаш рет автоматтан оқ атты. Оқты нысанаға дәл тигізбесе де, оқталған автоматтан атудың жауынгерлік әсерін, оның жауапкершілігін сезінді.

Биылғы далалық оқу-жаттығуға 138 ұлан қатысты. Ұлы дала ұландары бұл жиыннан мол сабақ алды. Әскери мамандық таңдау, Отанды қорғау маңызды іс екенін тағы бір ұқты.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер