Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Последний звонок
Информация к новости
  • Просмотров: 321
  • Автор: admin
  • Дата: 13-06-2018, 12:44
13-06-2018, 12:44

Соңғы қоңырау салтанаты

Категория: Новости

2018 жылғы 25 мамырда сағат 10.00 генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің саптық алаңында дәстүр бойынша тәрбиеленушілердің мектеп бітіру рәсімі өтті.

 

Мектептің салтанатты іс-шарасына құрметті қонақтар шақырылды: ҚР ҚМ Кадрлар және әскери білім департаментінің орта- техникалық кәсіптік білім бөлімінің бастығы полковник Касенов Талгат Аманбаевич, Ұлы Отан соғысының ардагері Героев Солман Сойдарович.

Мектептің жарғысына сәйкес мемлекеттік тілді және шет тілдерін тереңдетіп оқытатын, әскери тәртіп және күшейтілген дене дайындығы бар жалпы орта білім беретін оқу орны болып табылады. Мектепте 420 тәрбиеленушіні оқыту қарастырылған.

Оқушылар әдеттегі мектеп пәндерімен бірге әскери пәндерді меңгереді: жалпы әскери тактика, саптық дайындық, жалпыәскери жарғы және басқа пәндер.

Әскери пәндер бойынша сыныптарда ұландар оқытылған материалдарды тәжірибе жүзінде бекіте алатын әскери техника мен қару-жарақ түрлерінің үлгілері бар.

Мектеп бітірген соң ұшқыш болуды жоспарлайтын тәрбиеленушілерге қазіргі таңда аспан әлемін бағындыруға алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндіктер ұсынылған. 2007 жылғы қыркүйек айынан бастап болашақ ұшқыштар үшін «Мемлекеттік авиациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жеңіл моторлы ұшақ ұшқышы» біліктілігі берілетін ұшу дайындығы бойынша сабақтар өткізеді.

Осы соңғы қоңырау салтанатты рәсімінде мектептің ұландарымен бірге Республикамыздың 14 аймағы, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 137 биыл мектеп бітіретін тәрбиеленушілері де тұр. Олардың арасында оқу үздіктері: Әділбайұлы Сырым, Сарман Алаң, Бадилов Руслан, Қадырбай Еркін, Утесеитов Роман, Шаймуратов Д, Қалқаманов Б, Жәкім С, Сейтбек Б Байзрахман Ж, Жанәбіл М, Сегизбаев М. сынды ұландар.

«Жас ұлан» мектебінде 11 ұлт пен ұлыстың өкілдері оқиды.

Мектеп ұжымының құрамында халықтың барлық әлеуметтік топтары тең дәрежеде қамтылған. Олардың ішінде:

- балалар үйінің тәрбиеленушілері;

- қамқорлыққа алынған тәрбиеленушілер;

- көп балалы отбасынан шыққан тәрбиеленушілер;

-ата-аналары мүгелек болып табылатын тәрбиеленушілер;

-толық емес отбасынан шыққан тәрбиеленушілер.

Рәсім Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, № 1 Халық қаһарманы тұңғыш Қорғаныс министрі С.Қ.Нұрмағамбетотың мүсініне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мектеп бітірушілер 2 оқу ротасының ұландары Жидебаев Ермахан, Әбсағит Дәуіржан және Зиядов Манасқа гүл шоқтарын қою мәртебесі берілді.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шараны мектеп бастығыгенерал-лейтенант Каражанов Құрбан Сәкенұлы ашып, ҚР ҚМ кадрлар және әскери білім департаментінің орта- техникалық кәсіптік білім бөлімінің бастығы полковник Касенов Талгат Аманбаевич құттықтау сөз сөйледі.

Барлық қонақтардың құттықтау сөзінен кейін 2 оқу рота ұланы вице аға сержант Әділбайұлы Сырым тәрбиеленушілер атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығына алғысын білдірді. Сонымен бірге дәстүр бойынша 4 оқу рота ұланы Тюлебаев Жәнібек, №44 орта мектебінің оқушылары Өмірзақ Мерей соңғы қоңырауды соқты.

Мектептің және қонақтардың көркем өнерпаздарының шағын концертін тамашалады, мектеп бітірушілердің әндері және дәстүрлі вальс орындалды.

1999 жылы 4 қарашада еліміздің Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен мектептің ашылу рәсімі өтті. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін арнайы оқу орнын құру Елбасының идеясы болатын. Мектепке жас Отан қорғаушыларға оның өмірі мен жауынгерлік еңбегі үлгі-өнеге болатын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтың аты берілді. Ұландар аты аңызға айналған қазақ халқының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрінің атымен аталатын мектептерін мақтан тұтады.

2011 жылы 8 желтоқсанда генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа кешенінің салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің қатысуымен өтті.

«Жас ұлан» мектебінің жаңа ғимаратының аумағы 24 мың шаршы метрден астам 7 павильоннан тұрады, 4 қабатты ғимарат кешенінде 51 сынып, 500 орын жатақхана, кітапхана, оқу залдары, мәжіліс залы бар. Спорт корпусында мінбелерімен спортзал, аумағы 25 шаршы метр ұзындығы 11 метрлік 6 жолақты жүзу бассейні бар.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник С.А.Жасұзақов ұландардың басқа мектеп бітірушілермен алған білімінің сапасы мен көлемі жағынан бәсекеслестікке түсе алатындай, ал дайындық деңгейі бойынша заман талабына сәйкес болатындай мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі.

2015 жылдан бастап мектепке 10 сыныптан бастап қабылдайды, оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру, әскери пәндер және күшейтілген дене дайындығы кіреді. Республикалық мектеп осымен 16 рет мектеп бітірушілерді дайындап, оқытып және алтын ұясынан ұшырды, Қазіргі таңда олардың көпшілігі офицерлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде және басқа даәлеуетті құрылымдарда әскери қызметтерін атқарып жүр.

Мектептің тұңғыш бітірушілерін шығару 2002 жылы маусымда өтті. 2002 жылдан 2017 жылдар аралығында 900 астам ұландар мектеп бітіріп шықты, мектеп бітірушілердің 80% Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы мен Түркия, Қытайдың жоғары әскери оқу орындарында білім алып жатыр.

Қазіргі таңда мектепте 330 тәрбиеленуші білім алуда, оның ішінде жетім балалар, көп балалы және толық емес отбасы балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, әскери қызметшілердің балалары бар. Мектеп оқу, тәрбие және дене дайындығын жетілдіру үшін қажетті барлық жабдықтармен қамтылған заманауи оқу-материалдық базасымен ерекшеленеді.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер