Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » «Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы»
Информация к новости
  • Просмотров: 212
  • Автор: admin
  • Дата: 18-06-2018, 04:34
18-06-2018, 04:34

«Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы»

Категория: Новости

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде 4 маусым–Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы» атты іс-шара өтті.

Елтаңба, Ту мен Әнұран–еліміздің тарихынан сыр шертетін, оның дүниетанымын айқын көрсететін тәуелсіз мемлекеттің басты символдары. Бұл рәміздер ұрпақтар өмірбаянының өзгеше қастерлі белгілері болып қала бермек.

Міне осы мерекеге байланысты мектеп бастығының орынбасары ТжИЖБ бастығы подполковник Жарбосынов Амантай Қалабайұлы мектептің жеке құрамын құттықтап «Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды арман еткен бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Сондықтан да рәмізсіз тәуелсіз елдің болмайтыны анық. Елбасымыз осыдан 26 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнұраны, Туы туралы заңға қол қойған болатын. Содан бері 4 маусым мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленіп, аталып өтуде. Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі! Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.» деп атап өтті. Соңынан жеке құрамға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері атты инфографиялық ролик көрсетілді.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер