Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ардагері генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлымен мерекелік кездесу
Информация к новости
  • Просмотров: 198
  • Автор: admin
  • Дата: 28-06-2018, 09:25
28-06-2018, 09:25

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ардагері генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлымен мерекелік кездесу

Категория: Новости

13 маусым күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» респбуликалық мектебінде Астана күнінің 20 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ардагері, Қазақстан Республикасы жергілікті қақтығыстар мен Ауғанстан соғысы ардагерлері кеңесінің құрметті мүшесі, «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері, «КСРО Қарулы Күштерінде қызметі үшін» 3 ші дәрежелі орденінің иегері, Америка құрама штаттары офицерлік дәрежесінің құрметті лигион орденінің кавалері генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлымен мерекелік кездесу өтті. Еліміздің қарулы күштерін нығайтуға зор үлес қосқан Әлімжан Қанағатұлы өзінің өмір жолы жайлы қызықты әңгіме өрбітіп, жас ұрпақты Отанды сүюге шақырды.

«Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Астана осынау 20 жылдың ішінде әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Ондағы зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір-бірімен үйлесіп, қаланың көркіне көрік қосып тұрғандай», - деп мерекелік кездесуді ашқан жүргізушілер сахнада осы мектептің клуб қызметкері Имангалиева Меруерттің орындауындағы «Көңіл ашар» күйімен жиналған қауымның көңілін бір көтеріп тастады. Әрі қарай видеоролик арқылы Астана қаласының әлемдік жетістіктеріне шолу жасады. Сонымен бірге 2 оқу рота ұланы Абдигапиров Нұрмұхамедтің «Алға Қазақстан» әнімен мектептің мәдени бос уақыт орталығының қызметкері Алтымбаев Әлібектің орындауында әуелете орындаған «Сүйем сені Астана» әндері жиналған қауымды үлкен бір әсерге бөледі.

Содан соң осы кездесудің құрметті қонағы генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы ортаға шығып жеке құрамды құттықтай отыра былай деп ойын білдірді,- «Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарайтындығын естіп те біліп те жүрміз. Астана – ең алдымен Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігі. Қазақстанның жаңа тарихының шынайы бейнесі. Астана мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ есемпе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Соның бір мысалы осы өздеріңнің білім ордасы «Жас ұлан» мектебі. Осы Астанамыздағы мектеп оқушылары сіздерге қарап бой түзейді десем артық айтқаным емес. Сол сияқты» дей келіп мектеп түлектеріне өз батасын берді. Кездесу соңында кеш қонағымен естелікке суретке түсті.

 

Генерал-майор Ерниязов Әлімжан Қанағатұлы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1977), Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1987), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясы Жоғары академиялық курсын бітірген (2001). Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінің курсанты (1973-77), Орта Азия ЭО мотоатқыштар взводының командирі, пулемет взводының командирі, жалпы әскери мотоатқыштар взводының командирі, рота командирі, Орта Азия ЭО мотоатқыштар ротасы командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1979-87), Орталық батальон командирі, Жезқазған облысы, Балқаш қаласы әскери комиссары, сақтау базасы полкінің командирі, дивизия командирінің орынбасары, сақтау базасы бастығы, ҚР ҚК арсеналдар мен қару қоры базасы Бас басқармасының бастығы, ҚР Құрлық әскері гвардиялық оқу орталығы бастығының орынбасары - бөлім бастығы, оқу орталығы бастығы, ҚР ҚМ қарамағында (1987-2006), АҚШ ҚК ОЦК Коалициясы координациялық орталығындағы аға ұлттық өкілі (1977-06), «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы, қолбасшы, ҚР ҚМ қарамағында (2006-09), 2009 жылғы тамызынан ҚР ҚМ Бас инспекциясының Бас инпекторы. Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі «За службу Родине в СССР» ордендері, медальдармен марапатталған.


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер