Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
Информация к новости
  • Просмотров: 399
  • Автор: admin
  • Дата: 28-06-2018, 09:48
28-06-2018, 09:48

Мектеп бітіру салтанатты рәсімі

Категория: Новости

 

Мектепте 2018 жылғы 23 маусымда сағат 10.00 де мектеп түлектерінің мектеп бітіру салтанатты рәсімі өтті. Атаулы іс-шарада мектептің 137 түлегін шығарып салу рәсімі өткізілді.

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Линник Олег Иванович, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директоры генерал-майор Сатылганов Диханбек Джанкоразұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - ЕлбасыатындағыҰлттық қорғаныс университетінің бастығыгенерал-майор Рыспаев Асхат Наурызбайұлы, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас директоры генерал-майор Куангалиев Жомарт Сабырұлы, «Авиациялық оқу орталығы» ЖШСбас директоры авиация генерал-майоры Сандыбаев Жиентай Ибрагимұлы, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерігенерал-майор Нагуманов Марат Серәліұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагері генерал-майор Носоновский Геннадий Владимирович және мектеп түлектерінің ата аналары шақырылды.

Мектеп бітіру рәсімі Кеңес Одағының батыры, армия генералы, №1 Халық қаһарманы С.Қ. Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл қоюдан басталды. Гүл қою рәсімін мектеп түлектері Ұлыкбек Ернар, Назымов Абылай, Совет Ескендір атқарып және бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып болған соң мектеп бастығы, қонақтар және мектеп түлектерінің ата-аналары түлектерге өз құттықтауларын жеткізіп, мектеп бітіргендігі туралы аттестаттары мен төс белгілерін тапсырды.

Одан соң мектеп түлектері атынан вице кіші сержант Сарман Алан осындай салтанатты күнi мектептiң қолбасшылығына, оқытушылар құрамына, тәрбиешi-офицерлерге бiлiм нәрiмен қаруландырып, ықыластарын бөлiп, саналы да тәрбиелi азамат еткендері үшiн алғысын бiлдiрiп, құттықтау сөздерiн жолдады.


 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер