Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
Информация к новости
  • Просмотров: 220
  • Автор: admin
  • Дата: 28-07-2018, 10:56
28-07-2018, 10:56

Айбын-2018

Категория: Новости

Еліміздің жастарының рухани-адамгершілік және дене тәрбиесімен әскери қызметке дайындығымен айна­лысу өте маңызды істердің бірі десек артық айтқандық емес. Бұл өз ке­зегінде мемлекетке жастарды патриоттық тәрбиелеудің жа­ңа моделін қалыптастыруға кө­мектеседі.

Міне Қорғаныс министрлігінің басшылығымен биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Айбын» әскери – патриоттық жастар жиыны осының дәлелі. Аталмыш жиын әс­кери-патриотттық ұйымдар қозғалыстарын жандандыру жұ­мыстарын атқарады жә­не ба­лалар мен жастарды қазақ­с­тандық отаншылдыққа тәр­би­елеуге бағытталған жобалар­ды іске асырады. Осы жиынға генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің атынан 15 ұлан қатысып бойларындағы бар күш жігерлерін салып намысқа тырысты.

Атап айтар болсақ «Менің роботым» байқауы бойынша ұлан Молдабек қатысып командалық 3 орынға ие болды, ал қақпа маңдайшебіне тартылу жарысы және пневматикалық винтовкадан ату бойынша командалық 2 орынды иеленді. Әскери жүгіруге 4 ұлан Ерболат А., ұлан Козлов К., ұлан Токтасынов С., ұлан Тұрғанбай А қатысып командалық 3 орынды иеленсе, арқан тартуға 8 ұлан қатысып өкінішке орай 5 орынға табан тіреді. Десек те біздің ұландар мойымай,жабырқамай әрі қарайғы жарыстарға бар ынта жігерлерімен ат салысып «Голосящий Айбын»жарысында командалық 3 орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша әскери мектептер арасынан үштікке енбесе де ұландардың жарыста бар жан тәнімен беріліп, намысқа тырысып, бойларындағы бар күш жігерлерін салып атсалысқандарына рахмет айтқымыз келеді. Бұл жарыс. Жеңілу де болады, жеңу де бар, енді келесі жылдың еншісіндегі жарысқа қатемен жұмыс жасап тыңғылықты дайындалу керек. Олай болса іске сәт дейміз!


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер