Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң»
Информация к новости
  • Просмотров: 145
  • Автор: admin
  • Дата: 3-09-2018, 04:24
3-09-2018, 04:24

«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң»

Категория: Новости

 

2018 жылдың 29 тамызы күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің акт залында«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Жиналысты мектеп бастығы әділет полковнигі Т.К. Басхожаев мектептің жеке құрамын айтулы мерекемен құттықтай келе « 23 жыл бойы барлық жетістіктердің негізі, Қазақстан халқының тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі. Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін мереке. Олай болса Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білімімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, оны ардақтау әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы», деп мектептің жеке құрамына қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, Елбасы айтқандай «Мәңгілік Ел» болу жолында, ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын «Отанды қорғау» және жасөспірімді тәрбиелеу деген үлкен істе баршасына сәттілік, тілейтінін айтты. Сонымен бірге мектеп бастығының Конституция күні қарсаңына мектептің жеке құрамын марапаттау бұйрығы жеткізіліп, бірқатар әскери қызметшілерге Мектеп бастығы атынан Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне 23 жыл толуын атап өту құрметіне орай және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін марапатталды.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер