Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » День знания
Информация к новости
  • Просмотров: 330
  • Автор: admin
  • Дата: 3-09-2018, 04:29
3-09-2018, 04:29

1 қыркүйек – Білім күні

Категория: Новости

2018 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 10.00 де «Жас ұлан» Республикалық мектебінде Білім күніне байланысты алғашқы қоңырау салтанатты митингісі өткізілді.

Митингке Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің техникалық және орта білім беру бөлімінің бастығы поковник Касенов Талғат Аманбайұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері Линник Олег Иванович қатысты.

2015 жылдан бастап мектепке қабылдау ережесіне өзгертулер енгізіліп, мектепке 9 сыныпты бітірген оқушылар қабылданады. Мектеп Жарғысына сәйкес, әскери пәндерді және күшейтілген дене дайындығын, мемлекеттік және шет тілдерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беру мекемесі болып табылады. Мектепте 420 тәрбиеленушіге білім беру қарастырылған.

Бүгінгі таңда мектепте Қазақстан Республикасының 14 облысынан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан тәрбиеленушілер, 11 ұлттың өкілдері білім алуда.

Мектептің ұжымдық құрамында халықтың әлеуметтік топтарының барлығына бірдей деңгейде ұсынылған.

Оның ішінде:

-қамқорлыққа алынған тәрбиеленушілер;

-көп балалы отбасының тәрбиеленушілері;

-ата-аналары мүгедек тәрбиеленушілер;

-толық емес отбасының тәрбиеленушілері.

Жаңа 2018-2019 оқу жылында мектепке 222 ұлан қабылданды.

Салтанатты митингті мектеп бастығы әділет полковнигі Басхожаев Тлеухан Қалилаұлы мектептің жеке құрамын құттықтап ашып беріп, әрі қарай Ұлы Отан соғысының ардагері Линник Олег Иванович өз лебізін білдірді. Одан соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің техникалық және орта білім беру бөлімінің бастығы полковник Касенов Талғат Аманбайұлы мектептің жаңадан түскен ұландарын құттықтады.

Мектепке жаңадан түскен ұлан Жолдыбай Айдын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен мектеп басшылығына жолдастарының атынан және өзінің атынан алғысын білдіріп, сабақтарын жақсы оқып, ең үлгілі ұлан деген атаққа лайық болатындарын, жаңа ғана қабылдаған анттарына адал болып, Тәуелсіз Қазақстанның жас Отан қорғаушылары ретінде, болашақта еліміз үшін аянбай еңбек етеміз деп сенім білдірді.

Салтанатты митинг аяқталысымен, жаңадан түскен 2 және 4 оқу рота ұландарынан құралған көркемөнерпаздар тобы келген қонақтар мен ата аналарға арнап кішігірім концерттік бағдарламасын ұсынса, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрмет Қарауыл ротасы өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты митинг аяқталысымен ұландармен сынып жетекшілері «Астанаға 20 жыл» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді. Келген қонақтарға мектептің оқу тәрбиелік жағдайы көрсетіліп, мектептің өмірімен таныстырылды.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер