Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Митинг-памяти, посвященного Герою Советского Союза, Халық қаһарманы №1, Первому Министра обороны Республики Казахстан, генералу армии С. Нурмагамбетова
Информация к новости
  • Просмотров: 205
  • Автор: admin
  • Дата: 24-09-2018, 04:02
24-09-2018, 04:02

Кеңес одағының батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу күні өтті

Категория: Новости

 

№1 халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу салтанатты рәсімі 2018 жылдың 23-қыркүйегінде генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде,ескерткіш тақтасы орнатылған орынға тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Аталған іс шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас штаб бастығының орынбасары генерал майор Мұхамеджан Таласов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер ардагерлері генерал-майор Нагуманов М.С., генерал-майор Поспелов Н. Н., генерал-майор Ерниязов А.К. генерал-майор Щацков В.А., генерал-лейтенанант Сорокин Н.А. т.б құрметті қонақтар қатысып «Еліміз Тәуелсіздігін алғанда жаңа жас мемлекеттің қорғаныс саласын құрып, күшейтіп мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Дәл осындай сын сағаттарда ауыр да болса, абыройлы міндетті ұлт перзенті адал атқарды. Сол үшін де ол абырой биігіне көтеріліп, ұлтының біртуар перзенті атанды. Генерал Нұрмағамбетовтің тәлімі мен тәрбиесін алған шәкірттер бұл күнде Қазақстанның Қарулы Күштері саласында әрқилы қызметтерді атқарып келеді. Бұның барлығы да оның мемлекет қауіпсіздігіне қосқан зор үлесі болып саналады. Сағадат Қожахметұлы еліміздің қорғаныс саласында көшбастар тұлға болды. Өмірі өнегеге толы абзал адам ғұмырының соңына дейін өз ұлтына, Қазақстан халқына адал еңбек етті. Екі тізгін, бір шылбырды тең ұстаған Сағадат Нұрмағамбетовті Қазақстанның әр баласы үлгі тұтып өсті. Адамдық пен азаматтықты қатар алып жүруде де биіктік таныта білді.»- деп өз ойларын білдірді.Аты аңызға айналған Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлігін жалғастырушы «Жас ұландықтар» атынан генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің түлегі Мұхамед Нұржанат Сағадат атасын өз жадынан шығарған өлең жолдарымен еске алды.

Соңында мектептің тәрбиеленушілері мен Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов ескерткіш тақтасы алдынан салтанатты шерумен өтті.

Қазақ деген ұлттың атын танытқан айбынды азаматын туған елі, ту тіккен мемлекеті ешқашанда ұмытпасы анық. Еліміздің әрбір азаматы тұғырлы тұлғаның есімін туған әкесіндей аялап, аяулы бейнесін мәңгі есте сақтайды.

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер