Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » День пожилых людей
Информация к новости
  • Просмотров: 125
  • Автор: admin
  • Дата: 28-09-2018, 19:51
28-09-2018, 19:51

«Қарттарым асыл қазынам»

Категория: Новости

 

2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Жас ұлан» республикалық мектебінде «Қарттарым асыл қазынам» атты Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің» ардагерлерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты жеке құрамды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу. Кездесуді мектеп бастығы әділет полковнигі Басхожаев Тлеухан Қалилаұлы ашып ардагер қарияларға өзінің жүрекжарды тілегін айтып, мұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылатындығын айтты. Одан соң Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Джусупов Ерболат Мубаракұлы да қарияларды құттықтап Астана қаласының 20 жылдығына арнайы шығарылған сиясы кеппеген кітаптарды сыйға тартты.

Сыйлық таратылып болған соң мектептің көркемөнерпаздар тобымен дайындалған мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттен соң арнайы мерекелік дастарханнан дәм татып, естелікке суретке түсіп, балаша қуанып көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Кездесу мектеп басшылығы мен Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірге ұйымдастырылды.

 

 


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер