Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Заместитель Министра обороны поздравил с «Днём учителя»
Информация к новости
  • Просмотров: 101
  • Автор: admin
  • Дата: 6-10-2018, 14:14
6-10-2018, 14:14

Қорғаныс министрінің орынбасары «Мұғалімдер күнімен» құттықтады

Категория: Новости

 

 

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхтаров Талғат Сәбитұлы меткебіміздің мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Балтабаева Тұрсынкүл Мағзұмқызы І дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталса, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығының «Мақтау қағазымен» Бегимова Гүлнар Жексенбайқызы, Шакир Зағилаш Байбатшақызы, Жақсыбаева Зағипа Жақсыбайқызы, Нұрғалиева Күнсая Жамбылқызы марапатталды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхтаров Талғат Сәбитұлының «Алғыс хатымен» Қожақова Зәмзәгүл Қалиқызы, Мұханбедиярқызы Алмагүл, Мукушева Ақбота Жұмашқызы марапатталды.

Одан соң күні кеше ғана халыққа жол тартқан Елбасымыздың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына жолдауы

туралы да сөз қозғалды. Жолдаудың еліміздің дамуына, халқымыздың әл-ауқатының артуына жаңа серпін беретін маңызды құжат екендігі аталып өтті. Оның ішінде нақты біздің мектебімізге, әскери салаға қатысты бөлімдері туралы да тарқатып айтып өтті.

Қорғаныс министрінің орынбасары жаңадан ант қабылдаған ұландарды да құттықтап, олардың таңдаған жолдарының өте абыройлы, сонымен қатар жауапкершілігі мол екендігін атап өтті. Ол еліміздің әскерін құру кезеңдеріндегі болған қиыншылықтарды, қазіргі әскеріміздің заман талабына сай қамтамасыз етілгендігін, барлық әлеуметтік сұрақтардың шешілгендігін, оларды әрі қарай да жақсарта түсуге арналып жасалынып жатқан жұмыстар туралы да айтып өтті.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер