Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Торжественная клятва улана
Информация к новости
  • Просмотров: 150
  • Автор: admin
  • Дата: 6-10-2018, 14:17
6-10-2018, 14:17

Ұланның салтанатты анты

Категория: Новости

6 қазан күні Мектепке жаңадан түскен ұландардың салтанатты ант беру рәсімі болып өтті. Ұландар өздерінің Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі екендігін мақтанышпен айта отырып, өздерін «Жас ұлан» деген атқа лайық ұстайтынына, өздерін Отан қызметіне сарп ете отырып, жақсы оқуға, адал, батыл, тәртіпті болуға салтанатты түрде ант берді. Биыл мектебімізге еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 211 ұлан қабылданды.

Салтанатты іс-шараға тәрбиеленушілердің ата-аналарынан басқа, өздерінің жеткен жетістіктерімен кейінгі ұрпаққа үлгі болатын Ұлы Отан Соғысының ардагері Линник О.И., Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Носоновский Г. В. қатысты. Олар жаңа ғана салтанатты ант қабылдап, сапқа тұрған ұландарға алдағы қадамдарына сәттілік тілеп, өздері сияқты генерал болуларына тілек білдірді.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер