Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » «Ракетные войска и артиллерия главная огневая мощь»
Информация к новости
  • Просмотров: 85
  • Автор: admin
  • Дата: 20-11-2018, 10:44
20-11-2018, 10:44

«Зымыран әскерлері мен артиллерия-басты атыс күші» атты «Жас ұлан» тәрбиеленушілерімен кездесу

Категория: Новости

 

Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыздеген екен. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай мамандық түрін таңдау.Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.Ал әскери мамандықты таңдау ол әр адамнан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

16 қараша күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Зымыран әскерлері мен артиллерия-басты атыс күші» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектебімізді 2003 жылы бітірген түлегі, майор Сивоконь Павел Анатольевич келіп мектебіміздіңтәрбиеленушілеріне өзінің таңдаған мамандығы жайында, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді бойға сіңіру ол әр жас ұландықтардың міндеті екендігі туралы айтты.Әңгіме барысында Павел Анатольевич өзінің осы мектепке қалай оқуға түскенін, қалай оқығанын, мектептегі дәстүрлерді есіне ала отырып әлі күнге дейін осы мектеп қабырғасында жүріп танысқан достарымен араласатынын, достарының арасындағы байланыс үзілмейтіндігін айтып мақтанып та қойды. Өзі Қарағанды облысның тумасы, бұрынғы екінші рота ұланы. «Жас ұлан» мектебін бітірген соң Ресейдегі Санкт-Петербург қаласының Михайлов артиллерия академиясында бес жыл оқыған. Артиллерия академиясына түсу жолдарын, шарттарын қазіргі болашақ түлектерімізге нақты, толық түсіндіріп шықты. Оған қоса, өзімен бірге бітірген ұландардың көбісі қазір майор шенінде Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарып жатқандарын айтты. Ал өзінің «артиллерист» мамандығын таңдауға сол кезде, оларға куратор есебінде «Зымыран әскерлері мен артиллерия» басқармасы әскери қызметшілерінің кәсіби бағдар беру сабағының септігі тигенін айтты. Кездесу барысында ұландар көптеген өздерінің сұрақтарын қойып, қызыға тыңдап, қайда оқу керек екендігін және кәсіби маман болу үшін, Павел сияқты мақсатына жету үшін қандай мінез ерекшеліктері мен сапасы болу керектігін білді. Біз осындай түлектеріміздің болғанына мақтанамыз және кейінгі ұландарға үлгі тұтамыз. Кездесу соңында естелікке суретке түсіп тарқасты.

 


 

 

 

 

 

генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы

«Жас ұлан» республикалық мектебі

тәрбиеленушісі Нұрболат Жасұлан

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер